
ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘЛІМЕТ ҮШІН
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылғы 9 маусымында сағат 10.00-де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Шортанды аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымның кезекті LII сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қаралымына келесі мәселелер енгізіледі:
1. «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы»;
2. «2025 жылғы кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» және тағыда басқа.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook-те (Шортанды аудандық мәслихатында) өткізілетін болады.
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Г. Сәдуақасова