
Акция барысында қатысушылар тұрмыстық қоқыстарды жинап, шығарды, жағалау аумағын қалдықтардан тазартты.
Акцияны өткізу халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, жұртшылықты қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға және су объектілеріне ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етті.
"Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясы аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға және Есіл өзенінің жағасын таза ұстауға қосқан кезекті үлес болды.