"Жыл үздігі"

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    "Жыл үздігі"
    ПоздравлениеАяқталды

    Бүгін Ж.Аймауытұлы атындағы ЖББМ қабырғасында өткен «Жыл үздігі» марапаты — мектеп өміріндегі ерекше әрі маңызды шаралардың бірі болды.

    Осы мәртебелі марапатқа ие болған ұстаздар мен оқушыларды шын жүректен құттықтаймын! Білім мен тәрбиені қатар алып жүрген барша педагогтердің еңбектері әрдайым жемісті болсын. Бұл жетістік — табандылық пен тынымсыз еңбектің, ізденіс пен жауапкершіліктің айқын нәтижесі.

    Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектептің ғана емес, елдің мақтанышына айнала беріңіздер!
    Жеңістеріңіз көп болып, алар асуларыңыз әрдайым биік болсын!

    #мектепмақтанышы

    Ұқсас материалдар

    ДругоеАяқталды

    "Өрт қауіпсіздігі және аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау"

    "Көктемгі екі айлық және өрт қауіпсіздігі" Көктемгі екі айлық аясында округ тұрғындарына ақпараттық жадынамалар таратылды. Бұл материалдар өрт қауіпсіздігі және аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау мәселелеріне арналған. Бұл ұсынымдар әрқайсымызға тек тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар өрттің алдын алуға көмектеседі. Жадынамада не бар? • тұрмыста және ашық аумақтарда өрттің алдын алу шаралары • отты және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша кеңестер • өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі Көктемгі екі айлық — бұл аумақтарды тазалау мен абаттандырудың белсенді кезеңі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — өмірді, денсаулықты және мүлікті қорғаудың кепілі. Акция барысында жадынамалар көптеген тұрғындарға таратылды. Бұл — қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қосылыңыз! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз аумағыңызда тазалықты қамтамасыз етіңіз және маңызды ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіңіз.

    21 сәуір 2026 ж.Тікелей
    «Тогызкудукский сельский округ»karaganda-buhar-zhyrau-togyzkudyk
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.