Тікелей эфир
    АнонсАяқталды

    📅2026 жылғы 17 маусым күні
    🕚сағат 10:00-де
    Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы А. Бекенова «Кабинет тараптары» тақырыбында тікелей эфир өткізеді.
    Эфир барысында сервистің мүмкіндіктері, оны пайдалану тәртібі түсіндіріліп, сондай-ақ азаматтардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріледі.

    Исполнение исполнительных документов

    Ұқсас материалдар

    АнонсАяқталды

    Құқықтық көмек көрсету бойынша «Ашық есік күні»

    2026 жылғы 17 маусым күні сағат 11:00-де Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өтеді. Іс-шара барысында азаматтар келесі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес ала алады: ✅ азаматтық хал актілерін тіркеу; ✅ атқарушылық іс жүргізу; ✅ нотариат қызметі; ✅ адвокаттық қызмет; ✅ заңды тұлғаларды тіркеу; ✅ зияткерлік меншік; ✅ әділет органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелер. 📍 Өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72.

    АнонсАяқталды

    Тікелей эфир

    2026 жылғы 26 мамыр ⏰ Сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы Шарипова А.Б. келесі тақырыпта тікелей эфир өткізеді: ⚖️ «Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер».

    АнонсАяқталды

    Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!

    2026 жылғы 22 мамырда сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Тимирязев ауылдық округінде: Тимирязево ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 29 мекенжайында орналасқан «AMANAT» партиясының аумақтық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. 📌Сондай-ақ, 2026 жылғы 22 мамырда сағат 15:00-де Дмитриев ауылдық округінде: Тимирязев ауданы, Дмитриев ауылдық округі, Дмитриевка ауылы, Мир көшесі, 4 мекенжайында орналасқан мәдени-сауықтыру орталығының ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. 🔹Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 21 мамыр, сағат 16:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 33-37-32, 8-707-968-27-66 байланыс нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.

    АнонсАяқталды

    АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

    Құрметті М. Жұмабаев ауданы мен Булаево қаласының тұрғындары! 22 мамыр 2026 жыл ⏰ сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін 📍 Жеке нотариус Фунтикова Н.С. кеңсесінде мекенжайы: Булаево қаласы, Б. Баяна көшесі, 13А ⚖️ барлық құқықтық мәселелер бойынша Ашық есік күні өткізіледі. Іс-шараға қатысады: 👨‍⚖️ Алиппаев С.К. — Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты; 👩‍⚖️ Фунтикова Н.С. — Солтүстік Қазақстан облысы нотариаттық округінің жеке нотариусы. 📌 Іс-шара барысында тұрғындар құқықтық кеңес алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.

    АнонсАяқталды

    Әділет органдары қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі.

    2026 жылғы 20 мамыр ⏰ 14:00–17:00 ⚖️ Әділет органдары қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі. 📌 Қабылдау барысында азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар беріледі. 📍 Өткізу орны: Булаево қаласы, Юбилейная көшесі, 62.

    АнонсАяқталды

    Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. 📌Талдау Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі, сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізіледі. 🔹Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша ☎️8-(7152)-33-37-32 телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

    АнонсАяқталды

    2026 жылғы 15 мамырда сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округі, Новопокровка ауылы, Ибраев көшесі, 91 мекенжайында орналасқан ауылдық клуб ғимаратында азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

    Құрметті Шал ақын ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Е. Рашкалиев Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округі, Новопокровка ауылы, Ибраев көшесі, 91 мекенжайында орналасқан ауылдық клуб ғимаратында азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. 📌Сондай-ақ, 2026 жылғы 15 мамырда сағат 12:00-де Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округі, Сухорабовка ауылы, Мектеп көшесі, 43 мекенжайында орналасқан ауылдық клуб ғимаратында азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. ▫️Жеке қабылдауға жазылу 2026 жылғы 14 мамыр, сағат 16:00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 33-37-32, 8-707-968-27-66 телефон нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.

    АнонсАяқталды

    Тікелей эфир

    2026 жылғы 13 мамыр күні ⏰ сағат 10:00-де №2 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі басшысы – аға сот орындаушысы Байтеренов М.С «Мүлікті өткізу» тақырыбында тікелей эфир өткізеді. 🔹Тікелей эфир барысында мүлікті өткізу тәртібі бойынша түсіндірме беріліп, азаматтардың сұрақтарына жауап ұсынылады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.