ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Орган
    almobl-ile
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    КонкурсАяқталды

    Іле ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Отты жылдар жырлары», «Песни огненных лет» атты облыстық ардагерлер шығармашылық байқауы өтті.

    Н.Тілендиев атындағы Іле аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға Алматы облысының аудан-қалаларынан келген ардагерлер ұйымдарының өкілдері, өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты.

    Байқаудың негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи мұраны насихаттау, майдангерлердің ерлігіне тағзым ету, соғыс жылдарында халыққа рух берген әндерді кейінгі ұрпаққа жеткізу және ардагерлер арасындағы мәдени байланысты нығайту.

    Іс-шара барысында мәдениет үйінің фойесінде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, облыс ардагерлері арасында шахмат жарысы өткізілді.

    Айтулы шараға арнайы қатысқан Іле ауданының әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов облыстың түкпір-түкпірінен келген ардагерлермен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады. Аудан басшысы ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесі мен өнегелі өмір жолының өскелең ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.

    Байқаудың ашылу салтанатында Алматы облысы ардагерлер ұйымының төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Байқау хор және жеке орындау жанрлары бойынша өтті. Сахна төрінде Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Ұйғыр, Балқаш аудандары мен Алатау және Қонаев қалаларынан келген өнерпаздар әскери-патриоттық әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениетіне және шығарманың мазмұнын жеткізу деңгейіне баға берді.

    Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы алғыс білдірілді.

    «Отты жылдар жырлары» байқауы – Ұлы Жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың ерлігін ұлықтап, бейбіт өмірдің қадірін насихаттаған тағылымды мәдени шараға айналды.

    Ұқсас материалдар

    ПоздравлениеАяқталды

    ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов облыстық спартакиадада «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтап отырып, жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, олардың аудан абыройын асқақтатқанын атап өтті. «Спорттағы әрбір жетістік – тәртіптің, табандылықтың және командалық рухтың жемісі. Сіздер облыстық деңгейде Іле ауданының мәртебесін көтеріп, мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби салада ғана емес, спортта да жоғары нәтиже көрсете алатынын дәлелдедіңіздер. Баршаңызға алғысымды білдіремін және жаңа жеңістер тілеймін», – деді аудан әкімі.

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру және халыққа қызмет көрсететін спорт кешенін құру мақсатында ашық тендер

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды одан әрі шаруашылық айналымға тарту жөнінде, оның ішінде ашық конкурстық рәсімдер арқылы сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдануда. Тендер активтерді басқарудың цифрлық платформасы https://e-qazyna.kz/ арқылы өткізіледі. Объект: полиция тірек пунктінің ғимараты Сауда №: 442620 Орналасқан жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Ақсай ауылдық округі, Ақсай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 24. Тендерге біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 29 мамыр сағат 10:55-ке дейін. Лот сілтемесі: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/327068274597000000 Тендерге белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады. Сауда-саттық рәсімі ашық әрі ашықтық қағидаттарына сәйкес жүргізіледі, бұл барлық әлеуетті қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған мүмкіндік кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға, бизнесті ашуға және дамытуға, сондай-ақ аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасайды.

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Алматинская область, Илийский район, сельский округ Ақсай, село Ақсай, улица Тәуелсіздік, 24.almobl-ile
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.