
Өздеріңіз білетіндей, отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында Министрлік оларды онлайн сауда алаңдары арқылы шет елдерге ілгерілету бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Қазіргі уақытта министрліктің қолдауымен Alibaba халықаралық интернет-платформасына соңғы екі жылда «Алтын жеткізуші» ретінде
100 компания шығарылды.
Бүгінде 4 мыңнан астам қазақстандық тауар осы сауда алаңында орналастырылған. Ағымдағы жылы қосымша 50 компанияны шығару жоспарлануда.
Польшаның «Allegro» халықаралық маркетплейсі қазақстандық бизнес-қоғамдастыққа арналған «Allegro платформасында тауарларды тіркеу және ілгерілету бойынша оқыту» тақырыбында оқыту вебинар сериясын өткізетінін қуана хабарлаймыз.
Бірінші вебинар 2021 жылдың 12 ақпанында сағат 17:00-де(жергілікті уақыт) Clickmeet платформасында өтеді (тіркеу және бейнеконференцияға қосылу сілтемесі төменде көрсетілген).
Сіздің қызығушылығыңыз болған жағдайда, осы жоспарланған вебинарға қатысуыңызды сұраймыз.