Жеңіс күні

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жеңіс күні
    ПоздравлениеАяқталды

    Таңдалған сүзгілер бойынша ештеңе табылмады.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанның X азаматтық форумы: «қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы»

    Ағымдағы жылдың 22-26 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» атты Қазақстанның X Азаматтық форумы өтеді. Бұл оқиғаның негізгі идеясы Қазақстанның азаматтық қоғамына жаһандық көзқарасы: өткенге үндеу, бүгінді талдау және болашақты болжау болып табылады. Форумның іс – шаралары гибридті форматта өтеді: алғашқы 3 күн-онлайн, 4-5 күн ішінара оффлайн және онлайн (Алматы қ.), сондай-ақ БАҚ-та, YouTube арнасында, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әлеуметтік желілерінде тікелей трансляция жоспарлануда. Бір апта ішінде форум шеңберінде онлайн форматта пікірталас алаңдарын, ZOOM арқылы министрлердің азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулерін, шағын гранттар жобаларының тұсаукесерін, ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) сыйлығы мен «Таңдау» сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, бизнес-құрылымдар, квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алаң ұйымдастырылатын болады, онда халықаралық сарапшылар әлеуметтік әріптестікті жүйелі дамытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы ҮЕҰ-ны дамыту идеялары мен көзқарастарымен, Қазақстандағы филантропиялық және қайырымдылық қызметті дәріптеу тәжірибесімен бөлісе алады. Алдын ала деректер бойынша оффлайн форматта әлеуметтік қашықтық пен карантиндік шараларды сақтай отырып, 150 делегатты шақыру жоспарлануда. Іс-шаралардың онлайн-трансляциясына шамамен 500-600-ден астам қатысушы мен көрермен қатысатын болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл дәстүр Қазақстанда 2003 жылдан бастап әрбір екінші жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Азаматтық форумдар еліміздің қоғам қайраткерлерін біріктіреді және біздің Республикамыз Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде азаматтық қоғамның айтарлықтай биіктерге жетуіне елеулі үлес қосты.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.