
Жас мемлекеттік қызметкерлердің республикалық форумы Агенттіктің төрағасы А.Н. Жайылғанованың қатысуымен өтеді.
Форум жұмысына министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, кәсіподақ федерациясының өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысады.
Форум бағдарламасы мазмұнды және танымды: форумға қатысушылар үшін ТМД елдерінің жетекші бизнес-тренерлерінің, өзгерістер бойынша менеджерлердің, азаматтардың азаматтық және еңбек құқықтарын қорғау, өзгерістерді басқару және үздіксіз жетілдіру механизмдері саласындағы PhD докторларының қатысуымен тренингтер мен дәрістер өткізіледі.
Форум аясында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының 2019 жылғы үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.