
«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2021 жылдың маусым-қазан айлары.
Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтарда әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
Конкурсқа құжаттар 2021 жылдың 25 маусымынан бастап 10 шілдеге (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурс құжаттарын [email protected] эл. поштасына жолдаңыз.
☎Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8-7282-240804, 8-701-7774580 тел. нөміріне хабарласуға болады.
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықреспубликалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықреспубликалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулықәдістемелік нұсқаулық
Жалпы ережелер
- Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталуы қажеттігін атап өтті.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталуы қажеттігін атап өтті.барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қоюға бағытталуы қажеттігін атап өтті.
Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің негізгі құрауышы болып табылады.
Әкім жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуші болып табылады және халықта, оның іс-қимылы бойынша тиімді әрекет ететін мемлекеттік басқару жүйесін көру қалыптасады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
- Конкурстың міндеттері:
ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
- Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – өңірлік деңгей, аудандық және облыстық деңгейде өткізіледі. Аудандық деңгейде Конкурстың жұмыс органы аудан әкімі аппараты болып табылады (аппарат басшысы үйлестіреді).
2) II кезең – республикалық деңгей, республикалық деңгейде өткізіледі.
Екінші кезеңнің нәтижесі (қорытындысы) бойынша Конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Конкурстың нәтижелері Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.
- Конкурс қатысушылары туралы ақпарат халықтың дауыс беруі үшін аудан, облыс әкімдіктерінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – Агенттік) ресми әлеуметтік желілерінің парақшаларында орналастырылады.
Конкурсты өңірлік және республикалық деңгейде өткізуге дайындау және ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ оның қорытындыларын шығару осы әдістемелік ұсынымға, Конкурсты өткізу тәртібі мен іс-шаралар жоспарына, оның жеңімпаздарын марапаттау мен жеңімпазадарды бағалау критерийлеріне және өзге де конкурстық комиссия бетітетін құжаттарға сәйкес іске асырылады.
ІІ. Конкурсты өңірлік деңгейде ұйымдастыру және өткізу
- Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиісті облыстық әкімдіктің (бұдан әрі – Әкімдік) келісуі бойынша бекітеді.
Өңірлік комиссия Департаменттің жанында құрылады және 7 адамнан және хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан, қоғам қайраткерлерінен және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.
Өңірлік комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің жартысынан артық бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында (осы Әдістемелік нұсқаулықтың № 8 қосымшасына сәйкес) қойған баллдарды есептеу және Конкурсқа қатысушының рейтингісін құрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен (осы Әдістемелік нұсқаулықтың № 9 қосымшасына сәйкес) ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылып, сүйемелдеуін Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
- Өңірлік комиссия хатшысы комиссияның қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін Конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
ІІІ. Конкурсты республикалық деңгейде ұйымдастыру және өткізу
- Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Агенттік анықтайды.
Республикалық комиссия 7 мүшеден және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері) және өзге тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылып сүйемелдеуін Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылады.
Республикалық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
- Республикалық комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазының материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
- Конкурстың қатысушылары
- Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында бір жылдан кем емес өтілі бар, сондай-ақ алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.
- Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсынуды жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті қоғамдық ұйымдар, әкімдердің өздері жүзеге асыруы мүмкін.
- Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі
Конкурс Агенттіктің, Департаменттің және облыс, аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде оны өткізуді бастау туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.
- Хабарландыру 2021 жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей орналастырылады.
Конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бастамашылар және өзін-өзі ұсынушылар аудан әкімдігіне ауыл әкімдерінің келесі құжаттары мен материалдарын жолдайды:
1) осы Әдістемелік нұсқаулыққа №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) қызметтік тізім (кадр қызметімен расталған);
4) конкурс қатысушысының сауалнамасы (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 2 қосымшаға сәйкес);
5) № 7 қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестициялар көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
6) Конкурс қатысушысы – әкімнің жұмысы туралы, әкім басқаратын кент, ауыл, ауылдық округ туралы бейнеролик (бейнероликтің ұзақтығы 5 минутқа дейін);
7) Конкурс қатысушысының кентті, ауылды, ауылдық округті алдағы 3 жылда дамытуға бағытталған (таныстырылым көлемі 7 слайдтан аспайтын) жобалық жұмыс.
- Конкурсқа қатысу туралы ұсынымдар 2021 жылғы 10 маусымға дейін қабылданады.
2021 жылғы 12 маусымнан бастап 10 жұмыс күні ішінде аудан әкімдігі кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін және үміткерлердің жұмысындағы қоғамдық маңызы бар мәліметтерлі бағалау жолымен Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді ішкі іріктеу жүргізеді.
Ішкі іріктеу барысында аудан әкімдігі осы Әдістемелік ұсынымның 11-тармағында көрсетілген ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және сауалнамалық мәліметтерін (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 3 қосымша), жобалық жұмыстарды (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 4 қосымша) және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді (нұсқаулыққа № 7 қосымша) бағалайды.
Бір ауданнан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес ауыл әкімдері өңірлік деңгейдегі конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады.
- Конкурстың облыстық кезеңіне қатысу үшін аудан әкімдігі аудан деңгейіндегі іріктеуден өткен үміткердің конкурстық материалдарын 2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей Өңірлік комиссияға жолдайды.
Конкурс материалдарына осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген материалдар қоса беріледі. Сондай-ақ, аудан әкімінің қолы қойылған әкім туралы және оның кент, ауыл, ауылдық округтің дамуы бойынша атқарған қызметі мен жеткен жетістігін көрсете отырып, анықтамалық ақпарат ұсынылады (анықтама А 4 форматында, көлемі 2 беттен көп емес, 14-ші шрифт Times New Roman).
- Өңірлік комиссия аудан әкімдіктерінен құжаттар келіп түскен күннен бастап 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде ұсынылған материалдардың толтырылуының дұрыстығын, осы Әдістемелік ұсынымдарда белгіленген критерийлерге сәйкестігін, құжаттардың толықтығын тексеруді жүргізеді.
- Үміткерлер:
1) осы Әдістемелік нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;
2) осы Әдістемелік нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
- Үміткерлерді Республикалық кезеңге қатысу үшін анықтау мақсатында Өңірлік комиссия баллдық жүйе бойынша іріктеу рәсімін ұйымдастырады:
1) конкурс қатысушыларының сауалнамаларын бағалау (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 3 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып);
2) жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау ( осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 4 қосымшаға сәйкес);
3) әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасының қорытындысы;
4) жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 5 қосымшаға сәйкес). Әлеуметтік сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары аудан әкімдіктерінен конкус материалдарын алғаннан кейін облыстық Әкімдіктің ресми сайтында жариялануы тиіс;
5) 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 7 қосымшаға сәйкес).
- Баллдық жүйе бойынша бағалау рәсімдерінен кейін үміткерлер әңгімелесуден өтеді, сонымен қатар жобалық таныстырылымын көрсетеді.
Әңгімелесу кезінде Өңірлік комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесінің бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау бойынша сауалнаманың, елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама мен онлайн дауыс берудің қорытындыларын, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.) назарға алады.
Сонымен бірге, Өңірлік комиссия осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген аудан әкімінің анықтамалық ақпараты және бейнеролик мазмұнын ескереді.
Егер үміткерлер баллдың тең санын жинаған жағдайда, басымдылық күрделі жобаларды іске асыратын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеретін, халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немесе ең аз түскен әкімдерге беріледі.
Әңгімелесу 2021 жылғы 20 тамызға дейін өткізіледі.
- Жеке әңгімелесудің қорытындылары бойынша Өңірлік комиссия 2021 жылғы 30 тамыздан кешіктірмей, әр облыстан бір кандидаттан екінші кезеңге өткен үміткерді анықтайды.
- Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі Департаменттің және Әкімдіктің интернет-ресурстарында жарияланады және Өңірлік комиссия қабылданған шешім туралы үміткерлерді хабардар етеді.
- Үміткерлердің конкурстың бірінші кезеңінде ұсынған құжаттары мен материалдары, сондай-ақ Өңірлік комиссияның шешімі 2021 жылғы 10 қыркүйекте сағат 18.30-ға дейін Агенттікке жолданады.
- Республикалық комиссия үміткерлермен 2021 жылғы 10 қазаннан кешіктірмей әңгімелесу өткізеді, ол ауылдық округті дамыту бойынша дербес жобалық жұмысты қорғауды білдіреді.
Республикалық конкурстық комиссияның алдында дербес жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Бұл ретте, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет (осы Әдістемелік нұсқаулыққа № 6 қосымшаға сәйкес).
- Әрбір үміткер бойынша шешім Республикалық комиссия мүшелерінің осы Әдістемелік нұсқаулықтарға № 8 қосымшаға сәйкес бағалау парақтарына қойған баллдарды есептеу, сондай-ақ іріктеудің бірінші кезеңінің көрсеткіштерін ескере отырып қабылданады.
VІ. Конкурстың қорытындысын шығару
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия Конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдап, оның үш жеңімпазын анықтайды.
- Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік ауыл әкімі» І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен, «Үздік шаруашыл әкім», «Ашық әкім», «Үздік әлеуметтік жоба» номинацияларымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
- Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Агенттік жүзеге асырады.
- Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Агенттік пен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады.
- Облыстардың әкімдіктері республикалық конкурс жеңімпаздарының жобаларын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен немесе демеушілердің есебінен қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарайды.
- Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді Әкімдіктер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдау көрсетуімен қамтамасыз етеді.