Баспасөз релизі
ҚР Қаржы министрлігі Аппеляциялық комиссиясының 2021 жылдың 9 айы бойынша жұмыс қорытындылары
Апелляциялық комиссия 2021 жылдың 9 айында 28 отырыс өткізді, сонда 352 шағым қарастырылып, салық төлеушілердің/СЭҚ қатысушылардың дәлелдері қолданып, 93 тексерістің нәтижелері жойылды, яғни барлық қаралған шағымнан 26%.
Аппеляциялық комиссиясының 2021 жылдың 9 айының отырысында тікелей Апелляциялық комиссияның мүшелеріне салық төлеушілердің және СЭҚ қатысушылардың 130 өкілдері қатысты және өздерінің дәлелдерін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (www.minfin.gov.kz) ресми сайтында «Қызмет/Апелляциялық комиссия/Салықтық және кедендік дауларды қарау нәтижесі» бөлімінде салықтық және кедендік даулар бойынша 621 шешім орналастырылды, соның ішінде 2021 жылдың 9 айының 122 шешім орналастырылды. Бұдан басқа, «Қазақстандағы салықтар» және «Есеп KZ» бизнес-қоғамдастықтарының интернет-ресурстарында салықтық және кедендік даулар бойынша 257 шешім орналастырылды.