
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУЫ.
Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Шырақбек Қабылбаев атындағы сыйлығына ең үздік ғылыми жұмыс республикалық конкурсының өткізілетіндігі туралы жариялайды.
Конкурсқа студенттерді (курсанттарды), магистранттарды, докторанттарды, ЖОО-ның оқытушыларының және ішкі істер органдарының даму мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық қызметкерлерді жұмыстары шақырамыз.
Ғылыми ізденістің бағыттары:
- Сотталғандардың құқықтық мәртебесі;
- Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан адамдардың психологиясы;
- Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру: Қазақстан мен шетел мемлекеттердің тәжірибесі;
- Қылмыстық жазалаудың түрлері: тиімділік мәселелері;
- Әлемнің пенитенциарлық жүйелері;
- Полицияның қоғаммен және БАҚ-пен өзара іс-қимылы;
- Балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу;
- Жолдағы және судағы азаматтардың қауіпсіздігі мәселелері.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Студенттер (курсанттар) арасындағы ең үздік ғылыми жұмыс;
- Магистранттар арасындағы ең үздік ғылыми жұмыс;
- Докторанттар арасындағы ең үздік ғылыми жұмыс;
- Ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлері және ішкі істер органдарының даму мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық қызметкерлері арасындағы ең үздік ғылыми жұмыс.
Конкурсқа 2020 жылдың 20 қаңтар мен 25 тамыз аралығында орындалған жұмыстар қабылданады.
Жұмыстарды rio.kui@mail.ru электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.
Қызықтыратын сұрақтар бойынша Алпеисов Болат Бахытбекұлына хабарласуға болады 87475197746
Жеңімпаздарды Шырақбек Қабылбаев атындағы сыйлық күтеді.
Толығырақ: @kostacademy.kz