
Күні: 13.03.2022
Басталуы: 17:00:00
Ұзақтығы: 100 минут
Ақпарат:
Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры Иран-Ғайыптың «Мәңгілік Елдің Алтын Адамы» қойылымын көрсетеді.
Қойылымның режиссері - ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов, қойылымның суретшісі– Мәдениет саласының үздігі Қайыр Оразғалиев.
Қойылым туралы қысқаша дерек:
Ағайын арасындағы артық-ауыс сөзден туындаған осынау кикілжің түбі үлкен жанжалға ұласқан қиын қыстау тұста, Ардақты ананың- Алтын Адамның ақтық шешімі қалың жұртты қантөгісті қырғыннан сақтап қала ма?! Көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен өзектес бұл драмалық дастан- Мәңгілік Еліміздің бүгінгі береке-бірлігін насихаттайды...