Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды

    Орны
    Управление по инспекции труда Акмолинской области
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды
    КонкурсАяқталды

    Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

    Еңбек күнін мерекелеу аясында Министрлік жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. «Еңбек жолы» конкурсының мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

    Конкурс 3 номинацияны қамтиды:

    - «Үздік еңбек әулеті»,

    - «Өндірістің үздік жас маманы»,

    - «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері». Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2021 жылдың 15 наурызынан 30 маусымына дейін жүргізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдерінде онлайн-дауыс беру өткізілмейді. Конкурстың облыстық кезеңінің женімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінің женімпаздарын республикалық комиссия анықтайды. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында 2021 жылдың 1-ші тамызына дейін өтетін болады. Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, облыстың барлық кәсіпкерлерін Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырамыз.

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептің ашық талқылауы

    Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! 2026 жылғы 1-30 наурыз аралығында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептің ашық талқылауына шақырамыз. Есеп Ақмола облысы əкімдігінің www.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылды.

    1 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ақмола облысының әкімі М.М.Ахметжановтың Целиноград ауданының халқымен кездесуі өткізіледі

    Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары! «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2025 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 15.00-де Ақмол ауылындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М.Ахметжановтың Целиноград ауданының халқымен кездесуі өткізіледі. Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады. Ақмола облысы әкімінің аппараты

    12 желтоқсан 2025 ж.Онлайн
    КездесуАяқталды

    Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Зеренді ауданының халқымен кездесуі

    Құрметті Зеренді ауданының тұрғындары! «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2025 жылғы 10 қараша күні сағат 15.00-де Зеренді а. аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Зеренді ауданының халқымен кездесуі өткізіледі. Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады. https://www.youtube.com/watch?v=dAb_XTO9tEQ Ақмола облысы әкімінің аппараты

    10 қараша 2025 ж.Онлайн
    КездесуАяқталды

    Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Сандықтау ауданының халқымен кездесуі

    «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2025 жылғы 10 қараша күні сағат 10.00-де Балкашино а. аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Сандықтау ауданының халқымен кездесуі өткізіледі. Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

    10 қараша 2025 ж.Онлайн
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.