Субсидиялатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    kyzylorda-syrdarya

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Субсидиялатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    Жауап

    Қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы, күміс жас жобасы

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «e-Otinish»ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың, мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргізіліп тұрады.

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Газдың иісін сезсеңіз не істеу керек?

    Жауап

    Егер пәтерде, кіреберісте немесе үй маңында газдың иісін сезсеңіз — бұл өте қауіпті жағдай, және шұғыл әрі дұрыс әрекет ету қажет. Алғашқы әрекеттер: 1.Электр жарығын және электр құралдарын қоспаңыз. 2.Тіпті аздаған ұшқынның өзі жарылысқа себеп болуы мүмкін. 3.От жақпаңыз — темекі шекпеңіз, сіріңке, оттық, газ плитасын қолданбаңыз. 4.Бөлмені желдетіңіз — терезе мен есіктерді ашыңыз. 5.Газдың иісі сезілген пәтерден немесе кіреберістен адамдарды шығарыңыз. 6.104 нөміріне қоңырау шалыңыз — бұл апаттық газ қызметі. 7. Мекенжайыңызды, қабатты, газ иісі сезілген орынды нақты айтып, мамандар келгенге дейін үй-жайға қайта кірмеңіз. Маңызды: Егер табиғи газбен жабдықталған үйде газдың шығуы орын алса, Шкафтық газ реттеу пункті (ШГРП) автоматты түрде іске қосылып, қауіпсіздік мақсатында газ беруді тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұрғындар газдың келмей қалғанын байқайды — бұл да дереу 104 нөміріне хабарлауға себеп болады.

    kyzylorda-syrdarya·
    Сұрақ

    Жеке куәлікті жоғалтқан жағдайда не істеу қажет?

    Жауап

    Егер жеке куәлігіңіз жоғалса немесе ұрланған болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез келген бөлімшесіне келесі құжаттармен (ХҚКО) жүгінуге болады. Жоғалған жағдайда: 1. жеке куәлікті қалпына келтіру туралы өтініш (жоғалту жағдайларын көрсету қажет); 2. мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат; 3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса). Ұрланған жағдайда: 1. жеке куәлікті ұрлау немесе ұрлау туралы қылмыстық қудалау органынан алынған талон-хабарлама; 2. мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) немесе баж салығынан босатылғандығын растайтын құжат; Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (егер болса).

    kyzylorda-syrdarya·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.