Алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылады?

    adilet-akm

    adilet-akm·
    Сұрақ

    Алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге қатысты сот орындаушысы мынадай мәжбүрлеп орындату шараларын қолданады:

    1. Мүлікке, оның ішінде ақшалай қаражатқа және банк шоттарына тыйым салу;
    2. Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою;
    3. Жүргізуші куәлігінің және басқа да арнайы құқықтар мен рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұру;
    4. Мүлікті түгендеу;
    5. Сот актісін орындамағаны үшін борышкерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту;
    6. Мүлкі болған жағдайда оған өндіріп алуды қолдану.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысына өтінішті қалай жолдауға болады?

    Жауап

    2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтардың ыңғайлылығы үшін «Тараптар кабинеті» онлайн-сервисін енгізді. «Тараптар кабинеті» сервисіне қол жеткізу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптары, яғни өндіріп алушы немесе борышкер, aisoip.adilet.gov.kz сайтында тіркеліп, AdiletGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, авторизациядан өтуі қажет. «Тараптар кабинеті» арқылы атқарушылық іс жүргізу тараптары: атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса алады; орындалу кезеңдерін қадағалай алады; өтініштер мен арыздарды онлайн форматта жібере алады; хабарламалар мен құжаттарды қашықтан, оның ішінде PDF форматында ала алады; сот орындаушысы туралы мәліметтерді және оның рейтингін көре алады; атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өзіне ыңғайлы тәсілмен онлайн төлей алады.

    adilet-akm·
    Сұрақ

    Сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген бе?

    Жауап

    Иә. Борышкер сот актісін немесе атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауаптылық көзделген. Осы бапқа сәйкес: жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады; лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

    adilet-akm·
    Сұрақ

    Әкімшілік жауаптылыққа бір рет тартылған адам сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартылуы мүмкін бе?

    Жауап

    Жоқ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12-бабына сәйкес, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.

    adilet-akm·
    Сұрақ

    Сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындауына кедергі келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған ба?

    Жауап

    Иә. Егер жеке немесе заңды тұлғалар сот орындаушысының немесе сот приставының атқарушылық әрекеттерді (түгендеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жүзеге асыруына кедергі келтірсе немесе оның заңды талаптарын орындаудан бас тартса: жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға; лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

    adilet-akm·
    Сұрақ

    Неліктен банк шотыма тыйым салынғанын тек бұғатталғаннан кейін білдім?

    Жауап

    Шотқа тыйым салу екінші деңгейдегі банктер мен ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта жедел түрде қолданылуы мүмкін. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылмайды.

    adilet-akm·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.