Кәсіпкерлік нысандары террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне қандай өлшемшарттар бойынша енгізіледі ?
Кәсіпкерлік нысандары үшін адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде мынадай өлшемшарттар белгіленеді: 1) сауда алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан көп сауда объектілері. Сауда алаңына қарамай аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі саудасы жүзеге асырылатын объектілер; 2) келушілерге қызмет көрсетуге арналған залдардың жиынтық алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан көп қоғамдық тамақтандыру объектілері; 3) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адам болуға2 (сыйымдылығы) есептелген мәдениет ұйымдарының объектілері (театрлар; концерт залдары; цирктер; кітапханалар; мәдени-демалыс ұйымдары; кинематографиялық ұйымдар (қызметінің негізгі түрі кинозалда жүзеге асырылатын фильм көрсету болып табылады), музейлер, көркемсурет галереялары (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеулер орталықтары (зерттеу институттары); мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары); 4) бір уақытта 500 (бес жүз) және одан көп адам болады (сыяды) деп есептелген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрлысжайлары. Сыйымдылығына қарамай спорттық атыс бойынша спорт клубтары; 5) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген өзге де ойын-сауық құрылыстары; 6) білім алушылар мен персоналдың нақты саны 100 (бір жүз) және одан көп білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі ұйымдар; жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер); орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары; мамандандырылған білім беру ұйымдары; арнайы білім беру ұйымдары; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары объектілері; 7) бір ауысымда 200 (екі жүз) және одан көп келушілерге есептелген денсаулық сақтау объектілері 200 (екі жүз) төсекке және одан көп төсекке есептелген, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар (егер олар өзге өлшемшарттарға сәйкес келмесе, ведомстволық денсаулық сақтау объектілері); 8) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, отельдер, мотельдер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар); 9) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген өзге де бұқаралық ғимараттар (оның ішінде ғибадат үйлері (ғимараттары), мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік қызметтер, пошта желісінің қызметтері және байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың объектілері, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері); 10) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген көлік инфрақұрылымы объектілері (автовокзалдар,