Ескі авто көліктерге көлік салығының төмендетілген мөлшерлемелері бар ма?

    kgd-zhambyl

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Ескі авто көліктерге көлік салығының төмендетілген мөлшерлемелері бар ма?

    Жауап

    Иә, 2026 жылдан бастап пайдалану мерзімі:

    - 10 жылдан асатын жеңіл автомобильдер үшін 0,3 түзету коэффициенті қолданылады;

    - 20 жылдан асатын жеңіл автомобильдер үшін 0,5 түзету коэффициенті қолданылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дара кәсіпкер оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыра отырып, бухгалтерлік есеп жүргізуі керек пе?

    Жауап

    "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"Заңның нормалары негізінде дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілікті жасауды бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес жүзеге асырмауға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады және күнтізбелік жылдағы табысы айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен ( 583 875 000 теңге) аспайды; 2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайды; 3) табиғи монополия субъектілері болып табылмайды. Осы тармақта көрсетілген шарттардың бірі сәйкес келмеген жағдайда, дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыруға міндетті.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Әлеуметтік салық бойынша қандай жаңалықтар қарастырылған?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың өзара байланысын жою қарастырылған. Осыған байланысты әлеуметтік салықтың жеке мөлшерлемесі белгіленді – 6%. Әлеуметтік салықтың басқа мөлшерлемесі белгіленді (бұрын ЖТС мөлшерлемесін 70 % төмендету қарастырылған): - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – 1,8 %; - жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары өзі үшін – 0,6 АЕК және қызметкерлер үшін 0,3 АЕК. Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін, оның ішінде: - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; - оңайлатылған декларация негізінде; - шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік салықтан босату көзделген.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    ЖТС бойынша мөлшерлеме. Жаңа Салық кодексінде не қарастырылған?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде ЖТС прогрессивті мөлшерлеме енгізілді. 8 500 АЕК-тен (33,4 млн теңге) асатын қызметкердің жылдық табысы үшін мөлшерлеме 15% құрайды. 230 000 АЕК-ке дейінгі дивидендтер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары-салық салынатын табыстан салық сомасы одан асатын сомадан 230 00 еселенген АЕК + 15% мөлшерінде. Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлердің табыстары үшін: АЕК 230 000 еселенген мөлшерге дейінгі дивиденттер түріндегі кірістер үшін – 5% және осы шектен жоғары – салық салынатын табыстан салық сомасы 230 00 еселенген мөлшердегі АЕК + одан асатын сомадан 15%. Жеке практикамен айналысатын адамдардың табысы бойынша – 9 %; Шаруа қожалықтарының өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өткізу немесе қайта өңдеу бойынша кірістері бойынша – 3 % (бұрын ЖТС 70% - ға азайту болған).

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    2026 жылы СЕН қайтарып алу бойынша жағдай қандай, есептерде көрсетілген сомаларды түзету мүмкіндігі бар ма?

    Жауап

    Бұрын берілген есептердегі түзетулер қосымша салық есептілігі немесе хабарлама бойынша есептілік арқылы ғана мүмкін болатын. Егер салық төлеуші есепті уақытында ұсынбаған болса, салық органдарының жүйесі автоматты түрде осы кезеңдегі нөлдік есептілікті қалыптастырады (салық төлеуші салық төлеушінің кабинетінде құжаттамада көрсетілген нысандар көрсетілген жағдайда). Осыдан кейін: - қосымша есеп беру; - есепті белгіленген мерзімде қағаз жеткізгіште ұсыну жағдайларды қоспағанда, сол кезеңге есеп беру мүмкін емес. Егер салық төлеуші есепті әлі де қағаз түрінде берсе және ол "Құжат қабылданды" мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптасқан нөлдік есептілік жойылады. Бұл өзгерістер қателерді азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған. Салық төлеушілер есеп беру мәселелерін болдырмау үшін жаңа ережелерге алдын ала дайындалуы керек.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда ҚҚС төлеуші тіркеу есебінен шығарылуы мүмкін?

    Жауап

    Төлеуші ҚҚС төлеушінің тіркеу есебінен алынады: - салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне көшу; - қызметті тоқтату немесе тарату. 2026 жылдан бастап салық төлеушінің ағымдағы жылы өткен айналымның ең төменгі деңгейінен аспаған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебінен ерікті түрде алу құқығы алынып тасталады. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны қабылдау "Құжаттарды беру" бөлімінде СӘИЖ СТК-да жүзеге асырылады. Сондай-ақ хабарламаны қағаз жеткізгіште орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына беруге болады. Бұл қызмет Банктік мобильді қосымшаларда, сондай-ақ "Е-салық-бизнес" мобильді қосымшасы арқылы (тек ДК үшін) қолжетімді болады. Қызметті тоқтатуға арналған салықтық өтініш "Құжаттарды беру" бөлімінде де қолжетімді. Бұдан басқа, қызметі тоқтатылған кезде салықтық есептілігі ұсынылады, сондай-ақ ол "Құжаттарды беру" бөлімінде немесе мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште СӘИЖ СТК арқылы ұсынылуы мүмкін.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    2026 жылы пәтер сатқым келеді, оны 2025 жылы кеңейтуге байланысты сатып алдым, сату тура бір жылдан кейін болады, егер салық бойынша қандай да бір міндеттеме туындайды ма?

    Жауап

    2025 жылы сатып алынған және тіркелген және мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң сатылатын жылжымайтын мүлік сатылған жағдайда құн өсімінен түсетін табыс пайда болмайды, өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелетін жылжымайтын мүлік объектілеріне әсер етеді, демек, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу кезінде иелену кезеңі екі жылды құрайды.

    kgd-zhambyl·
    Сұрақ

    2026 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары?

    Жауап

    Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары қолдануға құқылы: 1) күнтізбелік жылдағы шекті табысы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын (4325*600 000= 2 595 000 000 теңге); 2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырады. Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ: - басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар; - құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар; - құрылтайшысы немесе қатысушысы арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар; - арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер); - коммерциялық емес ұйымдар; - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары, "Астана Хаб" ; - бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілер; Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен дербес жүргізеді. (Бұл ретте жергілікті мәслихаттар әрбір өңір бойынша орташа есеппен 3-тен 2 пайызға дейінгі мөлшерлемелерді төмендету жөніндегі шешімдерді бекіткенін ескеру қажет). Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады. ҚР жаңа Салық кодексінің 722-бабының 3-тармағына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде 910.00 нысаны бұрынғысынша пайдаланылады, ол жарты жыл ішінде, яғни жылына екі рет және тоқсан сайын жалдамалы қызметкерлер бойынша 200.00 нысаны беріледі.

    kgd-zhambyl·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.