Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде қандай талаптар сақталуы тиіс?
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, жарнама – кез келген құралдар арқылы таратылатын, нақты бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, қызметтерге қызығушылық қалыптастырып, оларды өткізуге ықпал ететін ақпарат. Заңның 11-бабына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнама ғимараттардың сыртқы беттерінде немесе арнайы жарнама объектілерінде орналастырылады. 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін алдын ала хабарлама жіберу қажет. Яғни, жарнама орналастырушы жарнаманы орналастыру жоспарланған күннен кемінде 5 жұмыс күні бұрын жергілікті құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне хабарлама беруі тиіс.