Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қалай қатысады және оған қандай құжаттар ұсынуы тиіс?
Жауап: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҮЕҰ мемлекеттік гранттарды алу үшін конкурсқа қатысуы қажет. Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ белгіленген мерзімде өтінім беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Конкурсқа қатысу Мемлекеттік сатып алу сайтында https://goszakup.gov.kz./ өтеді. Бұл мемлекеттік органдардың тапсырыс беретін негізгі сайты. Мемлекеттік сатып алу тек электронды түрде конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілімен сұрату, тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады. Келісімге отыру да электронды нұсқада өтеді. Бұл процестің барлығы https://goszakup.gov.kz./ порталында жүзеге асады. Байқаулар туралы ақпараттарды тіркелмеген болсаңыз да осы порталдан біліп отыра аласыз. Тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы жеткілікті, өйткені бұл сайт e-gov порталына қосылған. Порталды пайдаланып, конкурсқа қатысу үшін үшін бекітілген ақы төлеу керек, оның мөлшері тапсырыстың құнымен анықталады. Ал конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі төмендегідей: Өтінім (конкурсқа қатысу туралы)– белгіленген нысан бойынша. Жоба тұжырымдамасы – мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері мен іс-шаралар жоспары көрсетілген. ҮЕҰ туралы мәліметтер: мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы анықтама (Әділет органдарынан). ҮЕҰ Жарғысының көшірмесі. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама. Банк есепшотының бар екендігін растайтын құжат. Жобаға жауапты тұлға(лар) туралы мәлімет– түйіндеме, байланыс деректері. Алдыңғы атқарған әлеуметтік жобалар туралы ақпарат (бар болған жағдайда).