Әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін қолдау алуға бола ма?

    Ұлытау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін қолдау алуға бола ма?

    Жауап

    Иә, азаматтар мен Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) конкурстық гранттарға жобалар ұсынып, әлеуметтік бағдарламаларға қатыса алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмысынан айрылу бойынша жәрдемақы төлей ме?

    Жауап

    Иә, жұмыссыз ретінде тіркелген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар және әлеуметтік аударымдары бар адамдар жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы алуға өтініш бере алады.

    Сұрақ

    АӘК-ға кім өтініш бере алады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен ҚР халқының мынадай санаттарына тағайындалады: Қазақстан азаматтары; ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың; босқындар; азаматтығы жоқ адамдар; қандастар.

    Сұрақ

    Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар?

    Жауап

    "Жастар тәжірибесі" жобасы алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ТжКБ және ЖОО-ның жұмыссыз түлектерін жұмысқа орналастыруға арналған.

    Сұрақ

    Экономикалық мобильділік сертификатын алу шарттары қандай?

    Жауап

    Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.

    Сұрақ

    Мемлекет жұмыссыздарға қандай қолдау шараларын көрсетуде?

    Жауап

    Мемлекет жұмыссыз азаматтарды қолдаудың мынадай шараларын көздейді: Әлеуметтік жұмыс орындары; Жастар практикасы; Қоғамдық жұмыстар; «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар

    Сұрақ

    Жұмыссыз азаматтарға арналған қандай оқу түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз азаматтар Электрондық еңбек биржасында орнатылған тегін оқу курстарына қатысып, сертификаттарға ие бола алады. Тегін оқу курстарында көптеген оқу түрлері кездеседі, оқу ұзақтығы жұмыссыз азаматтың өзіне байланысты.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.