Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлеріндегі кейбір бөлмелердің дұрыс жылынбауы не себепті және кім жауапты?
Жылу энергиясын беру параметрлері жылумен жабдықтау ұйымы тарапынан сыртқы ауа температурасының көрсеткіштеріне сәйкес бекітілген температуралық кесте негізінде реттеліп, тұтынушыларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі. Сонымен қатар, тұрғын үйдің ішкі жылу желілерінің техникалық жай-күйіне, олардың дұрыс жұмыс істеуіне және пәтерлерге жылудың біркелкі таралуына қатысты мәселелер көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару органы (пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестігі, басқарушы компания немесе өзге де басқару нысаны) мен тұрғындардың бірлескен іс-қимылы арқылы шешілуі тиіс. Осыған байланысты тұрғындарға ішкі жылу жүйелерінің жарамдылығын, радиаторлар мен құбырлардың техникалық жағдайын, сондай-ақ жылу жүйесіндегі ауа жиналу, бітелу немесе реттеу құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуі сияқты факторларды тұрақты бақылауда ұстау ұсынылады. Бұдан бөлек, тұрғын үй-жайларда жылу энергиясының тиімді сақталуы үшін пәтердің есік, терезе және балкон жақтауларының саңылауларынан сырттан кіретін салқын ауаның алдын алу шараларын қабылдау қажет. Атап айтқанда, есік пен терезе тығыздағыштарының жарамдылығын қамтамасыз ету, саңылауларды бітеу, терезелердің дұрыс жабылуын қадағалау және жылу шығынын азайтатын қосымша оқшаулау жұмыстарын жүргізу маңызды. Жоғарыда көрсетілген шаралар уақытылы орындалған жағдайда, беріліп отырған жылу энергиясының тиімді пайдаланылуы қамтамасыз етіліп, тұрғын үй-жайларда қолайлы температуралық режимнің сақталуына мүмкіндік береді.