Нақты көлем индексі дегеніміз не және ол қалай есептеледі?

    Ұлытау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Нақты көлем индексі дегеніміз не және ол қалай есептеледі?

    Жауап

    Нақты көлем индексі – тауарлар мен қызметтер өндірісінің салыстырмалы кезеңдердегі өзгерісін көрсететін көрсеткіш, ол ағымдағы кезеңнің базистік бағалармен есептелген көлемін базистік кезең көлеміне бөліп есептеледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекет жұмыссыздарға қандай қолдау шараларын көрсетуде?

    Жауап

    Мемлекет жұмыссыз азаматтарды қолдаудың мынадай шараларын көздейді: Әлеуметтік жұмыс орындары; Жастар практикасы; Қоғамдық жұмыстар; «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар

    Сұрақ

    Жұмыссыз азаматтарға арналған қандай оқу түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз азаматтар Электрондық еңбек биржасында орнатылған тегін оқу курстарына қатысып, сертификаттарға ие бола алады. Тегін оқу курстарында көптеген оқу түрлері кездеседі, оқу ұзақтығы жұмыссыз азаматтың өзіне байланысты.

    Сұрақ

    Әлеуметтік қызметтер порталы дегеніміз не?

    Жауап

    Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

    Сұрақ

    "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградаларды кім ала алады?

    Жауап

    "Алтын алқа" алқасымен Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар марапатталады. "Күмiс алқа" алқасымен Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте марапатталады.

    Сұрақ

    Қарттар үйіне қалай орналасуға болады?

    Жауап

    Жасы ұлғайғандықтан өзіне қамқорлық жасай алмайтын адамдар қарттар үйіне орналасу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінуі керек. Өтінішті қамқоршы немесе заңды өкіл береді, ал ресімдеу әлеуметтік қажеттілік пен мекемеде бос орындардың болуы негізінде жүргізіледі.

    Сұрақ

    Бос жұмыс орындар туралы ақпаратты қайдан қарауға болады?

    Жауап

    Бос жұмыс орындар бойынша ақпаратты «Электрондық еңбек биржасынан» алуға болады. Бұл – еңбек нарығының ақпараттық базасы болып табылады және толық көлемде жұмыс істейді, сонымен қатар, (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.

    Сұрақ

    Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мемлекет қандай көмек көрсетеді?

    Жауап

    Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, егер олардың отбасындағы бір адамға шаққандағы орташа табысы алдыңғы тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, мемлекет адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек бере алады. Мұндай көмектің мөлшері 15 айлық есептік көрсеткішке дейін болуы мүмкін.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.