Жаңадан салынған мөлтек аудандарға қатынайтын автобустар саны арта ма?
Жаңа тұрғын үй массивтерінің инфрақұрылымы дайын болуына қарай, оларға қатынайтын бағыттардың сызбасы қайта қаралып, қосымша автобустар бөлінеді.
kyzylorda-transport
Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру (карта, QR-код) жүйесі толық енгізіле ме?
Иә, облыс орталығы мен аудандарда электронды төлем жүйесін толық енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жолаушылар үшін тиімді және жолақы кірісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қоғамдық көліктегі жолақы тарифі: қолма-қол ақшасыз төлем үшін – 85 теңге, қолма-қол төлем үшін – 130 теңге
Жаңадан салынған мөлтек аудандарға қатынайтын автобустар саны арта ма?
Жаңа тұрғын үй массивтерінің инфрақұрылымы дайын болуына қарай, оларға қатынайтын бағыттардың сызбасы қайта қаралып, қосымша автобустар бөлінеді.
Елді мекендер ішіндегі және трасса бойындағы жасанды жол кедір-бұдырлары («лежачий полицейский») қандай талаптармен орнатылады?
Жасанды кедір-бұдырлар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін (мектептер, балабақшалар маңында) полиция департаментінің нұсқамасы негізінде тапсырыс берушінің тапсырмасына сәйкес жолды (көшені) күтіп ұстаушы мердігер мекемемен қойылады.
Облыстық тасжолдағы шұңқырлар мен бұзылған тұстар туралы қалай хабарлауға болады?
Фото/бейнежазбаны және нақты орналасқан жерін (геолокациясын) көрсете отырып, «E-Otinish» платформасы немесе әлеуметтік желі арқылы жолдай аласыз
Жолдардағы қауіпсіздік (белгілер, таңбалар) қалай қамтамасыз етіледі?
Жаңа белгілер орнату, таңбалар сызу және қоршаулар қою жұмыстары көктемгі-жазғы және күзгі күтіп ұстау аясында атқарылады
Қысқы кезеңде облыстық маңызы бар жолдарды тазалау қалай ұйымдастырылады?
Қысқы күтіп ұстауға арнайы техникасы бар мердігер ұйымдар тартылады. Жолдарды қардан тазалау және тайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстары бірінші кезекте қауіпті учаскелерде жүргізіледі.
Жол жөндеу сапасына кім жауапты және кепілдік мерзімі қанша?
Сапаға мердігер мекеме, авторлық және техникалық қадағалаушы ұйым жауапты болады. Кепілдік мерзімі жұмыс түріне қарай 5-тен 7 жылға дейін, бұл уақытта ақаулар мердігер есебінен жойылады.
Жолаушылар көлігіндегі жолақы тарифтері қалай реттеледі?
Тарифтерді тасымалдаушылардың есептеулері негізінде, бағыттардың әлеуметтік маңызын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар (әкімдік) бекітеді.
Қоғамдық көлікте әлеуметтік осал топтар үшін жеңілдіктер қарастырылған ба?
Иә, ҚР заңнамасына сәйкес ардагерлер, мүгедектігі бар жандар, көпбалалы аналар және өзге де санаттар үшін тегін немесе жеңілдікті жолақы көзделген.