Қарттар үйіне қалай орналасуға болады?
Жасы ұлғайғандықтан өзіне қамқорлық жасай алмайтын адамдар қарттар үйіне орналасу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінуі керек. Өтінішті қамқоршы немесе заңды өкіл береді, ал ресімдеу әлеуметтік қажеттілік пен мекемеде бос орындардың болуы негізінде жүргізіледі.