Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» салалық Заңы (18-баптың 8-тармағы) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын ғана қолдауға бағытталған.
Қазіргі уақытта заңнамалық актілердің халқы 10 мың адамнан аз шағын қалалардың мәртебесін өзгерту бөлігіне түзетулер енгізілді. Қалалық елді мекеннің мәртебесі ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда, олардың мамандары бұдан әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары мен тиісті үстемеақылар ала алады.
Сондай-ақ, қалаларға келетін мамандар үшін Жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығының одан әрі ұлғаюына әкелуі мүмкін екенін ескеру қажет.