Тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредитті пайдалануға бола ма?

    atyrau-economy

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредитті пайдалануға бола ма?

    Жауап

    Иә, болады. Бұл норма Қағидаларда (2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрық) бар. Әкімдік маманға таңдау үшін тұрғын үйлердің үлгілік жобаларының нұсқаларын ұсынады. Алайда тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 46 АЕК-тен (134,2 мың теңге) аспауы тиіс. Тұрғын үй құрылысының сметалық құны берілетін кредиттің екі еселенген мөлшерінен аспауы қажет. Тұрғын үй құрылысының мерзімі кредит берілген сәттен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша құжаттарды қайда тапсыру керек?

    Жауап

    Сізге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, кезекке қою немесе қоймау мәселесін қарау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы толық құжаттармен электрондық форматта хабарласуды ұсынамыз.

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    Жеке ұйымдардың қызметкерлеріне (мысалы, ЖШС, ЖК және тб.) көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде шаралар ұсынылуы мүмкін?

    Жауап

    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрық) сәйкес маманның жұмыс жасайтын ұйымның меншік нысаны реттелмеген. Осыған байланысты, жеке ұйымдарда жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік қолдау шараларын алуға өтінім бере алады.

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар ма?

    Жауап

    2020 жылғы 30 қыркүйекте «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы қабылданды. Көрсетілген Қағидаларға сәйкес 2020 жылғы 17 қазаннан (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң) кейін жұмысқа орналасқан ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері әлеуметтік қолдау шараларын алуға құқылы.

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі не үшін қажет? Егер менің мамандығым бұл тізбеде болмаса, мен әлеуметтік қолдау шараларын ала аламын ба?

    Жауап

    Белгілі бір салада кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін әкімдіктерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Бұл тізбе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады. Бұл тізбе алдағы кезеңге тиісті салада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін мамандықтар санаттарын айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, өтінішті уақтылы бермеген немесе қаржыландырудың болмауы себебінен әлеуметтік қолдау шараларын ала алмаған білікті сала мамандары (мамандандырылған салалық дәрігерлер, шет тілдері мұғалімдері). Осы норманы енгізгенге дейін Қағидаларда мұндай мүмкіндік болмады және әлеуметтік қолдау шараларын жылдың басында өтініш берген мамандар ғана алды. Алайда, бұл тізбеге ағымдағы жағдайға қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін (қосымша ақша бөлу, басқа мамандардан бас тарту және т.б.).

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қай жылға дейін болады?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуының барлық кезеңінде, әсіресе ауыл жастары арасында өзектілігін жоғалтпай отыр. Сонымен бірге, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жобаны іске асыру мерзімдері регламенттелмеген.

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    Өтінімді қарау және жеңілдікті кредит беру мерзімі қандай?

    Жауап

    Өзектендірілген Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері әкімшіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 6 жұмыс күнін құрайды. (Бұрын көтерме жәрдемақы төлеу – 27 жұмыс күні ішінде, тұрғын үйге бюджеттік кредит төлеу – 47 жұмыс күні ішінде болған).

    atyrau-economy·
    Сұрақ

    Егер жеңілдікті кредит алған адам ауылдан 3 жылдан ерте кетуді шешсе, ол нені төлеуге/орындауға міндетті?

    Жауап

    Бұл мәселе әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында жасалған Келісімге сәйкес шешіледі. Өндірістік жағдайларға байланысты немесе әкімшіліктің (әкімдіктің) бастамасы бойынша үш жыл мерзім өткенге дейін басқа ауылдық елді мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекен шегінде) жұмысқа ауыстырылған кезде алынған әлеуметтік қолдау шараларына маманның құқығы сақталады. Сонымен бірге онымен қосымша келісім жасалады. Егер маман өз бастамасы бойынша, әкімдіктің келісімінсіз, белгіленген мерзімнен аз жұмыс істесе, онда ол ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтаруға тиіс.

    atyrau-economy·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.