ОТАУ ТВ жерсеріктік желісі бойынша телеарнаны қалай таратуға болады?
inf
ОТАУ ТВ жерсеріктік желісі бойынша телеарнаны қалай таратуға болады?
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-VI Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабыныңn 4) тармақшасына сәйкес еркін қолжетімді теле-, радиоарна дегеніміз – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарататын теле-, радиоарна.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
Бұдан басқа, үміткерлердің тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады.
Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылатындықтан, телеарна заңнаманың тиісті нормаларын сақтаған жағдайда Конкурсқа қатыса алады.
Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында жарияланатынын қосымша хабарлаймыз.