Электрондық шот-фактураны беру мерзімі қандай?
Электрондық шот-фактура (ЕI) сату айналымы күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей беріледі.
kgd-shymkent
Көлік салығын төлеушілері кім болып табылмайды?
Көлік салығын төлеушілері
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен мараптталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
- Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi;
-«Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен марапатталған адамдар;
- «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
- мүгедектер болып табылмайды, мемлекеттік тіркеу 31.12.2013 жылдан кейін жүргізілген 4000 текше см-ден асатын көлік құралдарын қоспағанда, бір көлік құралы үшін көлік салығын төлеуден босатылады.
Электрондық шот-фактураны беру мерзімі қандай?
Электрондық шот-фактура (ЕI) сату айналымы күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей беріледі.
Сәлемдеменің күйін қайдан көруге болады?
EMS бақылауы бар Kazpost – QazPost (https://track.kazpost.kz) пошта қызметтерінің мобильді қосымшаларында; Электрондық сауда платформасы қызметтері арқылы, егер нарық арқылы сатып алынса.
Сізге фискалдық чек берілмесе не істеу керек
Егер фискалдық түбіртек берілмесе, қазақстандықтар салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына ресми e-Otinish қызметі арқылы шағым бере алады. Шағымға дәлел ретінде, нақты мекен-жайы мен уақыты, шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, сатып алынған тауар, жұмыс немесе қызмет туралы мәліметтер, мүмкіндігінше басқа да мәліметтер қоса тіркелуі тиіс.
Салық қарызының жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?
Бұл анықтаманы екі жолмен алуға болады: 1. Салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz). “Салықтық Өтініш” Бөлімі. “Салық берешегі” қойындысы (Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алуға сұрау салу). Өтінішті толтырып, Мемлекеттік кірістер органына жіберіңіз. Анықтама алу үшін «салық өтініші” бөліміне өту керек. Егер анықтама дайын болса, сүзгілерде «әрекет» жолында «ақпарат» сілтемесі пайда болады. 2. Электрондық үкімет порталында (egov.kz). Порталға кіріп, “Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті). Жеке кабинетте (“Қызметтерді алу тарихы” бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу. Қызмет көрсету мерзімі: сұрау салу түскен күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей. Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты мерзімінде бюджетке төлемеген жағдайда
салық органдарымен мәжбүрлеп өндіру шараларын жүргізеді: - салық міндеттесін орындамағаны үшін әрбір кешіктірілген күнге өсімпұл есептеу; - салық органдарымен салық бұйрығын қалыптастырылып жеке сот орындаушыларға жолдайды. Өз кезегінде жеке сот орындаушылар мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданады, яғни: 1) екінші деңгейлі банктердегі есеп шоттарына тыйым салу. Яғни, өз кезегінде банкттік есеп шоттарын ашу және жабу, аударымдарды жүзеге асыруға, несие рәсімдеу, оны төлеу және тағы да басқа банктік қызметтер алу мүмкіндіктері шектеледі; 2) жылжымайтын мүлік және көлік құралдарына шектеулер қою; 3) көлік жүргізу куәлігін уақытша тоқтата тұру; 4) көлік құралдарын айыппұл автотұрағына қою; 5) шет елдерге шығуға шектеулер қою.
5.Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері қандай бұйрықпен айқындалған?
ҚР ҚМ 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 Бұйрығы
4.ТІЖ рәсімдеу бойынша пилоттық жобаға соңғы өзгерістер қашан және қандай бұйрықпен енгізілді?
ҚР ҚМ 2021 жылғы 04 маусымдағы №531 Бұйрығы
3.ТІЖ растау немесе ауытқу қандай мерзім ішінде жүргізіледі?
ТІЖ-ны растау немесе қабылдамау ТІЖ-ны ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатын көліктің кез келген түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ТІЖ-ны ЭШФ АЖ-да тіркеген күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде ТІЖ-ны растайды немесе қабылдамайды.