Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    kostanai-denisov-audany-akimat

    kostanai-denisov-audany-akimat·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).

    Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.

    Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрықпен бекіткен жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқық беру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 3-тармағына сәйкес, жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқықтарының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша жергiлiктi атқарушы органына, өтiнiш бередi. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес, азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Жер учаскелерін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделмеген

    kostanai-denisov-audany-akimat·
    Сұрақ

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді есепке қою кезінде және беру сәтінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға; әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік 1-1) – 5), 7), 8), 10) және 11) тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы бар отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен Заңның 68-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінің коэффициенті мүгедек балаларға қолданылмайды; мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Заңға сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен беріледі. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бірінші кезекте Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар ие болады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

    kostanai-denisov-audany-akimat·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі: 1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім; 2) конкурстық ұсыныс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер коммисиясымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурстың жеңімпазы бизнес-жоспарға сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестицияның болжамды көлемі бойынша баллдарды беру арқылы, бағаланады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беруге конкурс жариялағаннан кейін әр жеке немесе заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    kostanai-denisov-audany-akimat·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында азаматтардың қандай санаттарына мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады?

    Жауап

    "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес», көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі

    kostanai-denisov-audany-akimat·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.