Менің ауданымда байланыс нашар. Қайда хабарласайын?

    kostanai-karabalyk-audany-akimat

    kostanai-karabalyk-audany-akimat·
    Сұрақ

    Менің ауданымда байланыс нашар. Қайда хабарласайын?

    Жауап

    Сіз өз мәселеңізді сипаттап, өтініш жібере аласыз

    1. Телекоммуникациялар Комитетінің аумақтық бөлімшесіне:

    Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы;

    1. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің Телекоммуникация комитетіне.
    2. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің блогына.

    Сіздің өтінішіңізді алғаннан кейін телекоммуникация Комитеті және аумақтық бөлімшелер ұялы байланыс желілерімен қамту аймақтарындағы проблемалық орындарды айқындай отырып, жоспардан тыс тексерулерге бастамашылық жасайды.

    Ұялы байланыс желілері параметрлерінің белгіленген нормалардан ауытқуы анықталған жағдайда, операторлар ӘҚБтК (ӘҚБтК) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неге менің үйіме дейін «оптика» болмайды

    Жауап

    Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер нарығы бәсекелес ортада. «Байланыс туралы» заң бойынша байланыс операторлары өз желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады және министрлік бұл қызметке араласа алмайды. Әдетте, интернет қызметін қосу үшін абонент осы техникалық мүмкіндікке ие бола отырып, сіздің мекенжайыңыз бойынша қызмет көрсететін кез келген байланыс операторларына жүгіне алады. Техникалық мүмкіндіктер туралы айта отырып, қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Қазақстанның ауылдарын Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асырып жатқанын атап өту маңызды. Яғни, байланыс операторлары болашақта байланыс қызметтерін кепілді сатып алуды қамтамасыз ете отырып, өз есебінен бүкіл ел бойынша 20 мың километр талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсейді. Бұл жұмыс жүргізілетін елді мекендердің тізімі жергілікті әкімдіктермен келісіледі.

    kostanai-karabalyk-audany-akimat·
    Сұрақ

    EGov mobile мобильді қосымшасында қалай жұмыс істеуге болады?

    Жауап

    Мобильді құрылғыңызға eGov mobile қосымшасын жүктеп алыңыз. Ол PlayMarket және AppStore - да қол жетімді. Бір реттік пароль арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті) немесе сіздің ЭЦҚ пайдалана отырып авторизациядан өтіңіз. EGOV mobile әлемімен қош келдіңіз.

    kostanai-karabalyk-audany-akimat·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.