«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпорынға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін:
- Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:
Пайыздық мөлшерлеме: 6%.
Кредиттің ең жоғары мөлшері: бағытына байланысты 7 млрд. теңгеге дейін.
- Кредиттерге кепілдік беру:
- ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін-кредит сомасының 85 % ;
- жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін – кредит сомасының 50 %.
Кредиттерді «Kaspi Bank» АҚ, «Банк Хоум Кредит» АҚ қоспағанда, барлық екінші деңгейдегі банктер береді.
- Инфрақұрылымды жеткізу: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, теміржол кірме жолдары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.
Жобаның қажетті критерийлері:
- жобаға инвестиция көлемі- 200 млн. теңгеден кем емес;
- инфрақұрылым құрылысының құны-кемінде 50 млн.теңге, бұл ретте инфрақұрылым құрылысының ең жоғары сомасы (коммуникациялардың барлық түрлеріне) 1 млрд. теңгеден аспайды.
Мемлекеттік қолдау алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидалары және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген, оған мыналар кіреді:
- нысан бойынша қаржыландыруға өтінім;
- бизнес-жоспар;
-жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда.
- сараптама қорытындысымен жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады.
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады.