Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны қайда жасауға болады?
kostanai-densaulyk
Сұрақ
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны қайда жасауға болады?
Жауап
COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге вакцинациялаудың бастапқы және қайталама кезеңдеріне арналған кабинеттер жұмыс істейтін 31 медициналық ұйым (оның ішінде 5 жеке) тартылған.
Емханалардан басқа адамдар көп жиналатын орындарда - "Kostanay Рlaza" сауда-ойын-сауық орталығы, "City Kostanai" бизнес орталығы, "Емшан" және "Отау Сауда" сауда орталықтары, Абай даңғылы (1Б) бойындағы "Астықжан" супермаркеті, Рудный қаласындағы "ЦУМ" сауда орталығы вакциналау жұмыстарын жүргізеді.