Білім беру орындарына, тағы да басқа нысандарға, көшелерге, атау беруде қандай талаптар бар?

    aktobe-til

    aktobe-til·
    Сұрақ

    Білім беру орындарына, тағы да басқа нысандарға, көшелерге, атау беруде қандай талаптар бар?

    Жауап

    Атау беру ісінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 тіл туралы заңының 25-5-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулылары негізге алынып, жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат мәселесі бағытында қандай шаралар алынуда?

    Жауап

    Мемлекеттік тіл – көрнекі ақпарат саласында басқарма тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Көрнекі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «Атамекен» Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы мен «Тіл тазалығын сақтаймыз!» атты акциялар өткізілді. Электронды пошта, «Жас Отан», қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі 71,1 %-ды құрады.

    aktobe-til·
    Сұрақ

    Елдімекендерге, объектілерге атау беру, қайта атау жұмысы бойынша ашықтық қағидаттары мен қоғамдық қолжетімділік сақталуына қанағаттану деңгейі қандай?

    Жауап

    Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі 14,1 % құрады. (2021 жылдың І-жартыжылдық қорытындысы бойынша).

    aktobe-til·
    Сұрақ

    Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде түрлі алып-қашпа пікірлер бар. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

    Жауап

    Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр.Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасқанымыз жөн. Бүгінгі таңда әлем халқының 75 пайызы қолданатын алдыңғы қатарлы әліпби – латын графикасына көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бір жағынан қазақ тілінің заңдылықтарын сақтап, кемелденуіне әкелсе, екінші жағынан әлемдік сандық, ғылыми, мәдени, ақпараттық кеңістікке кірігуге көмектеседі. Сондай-ақ әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақтар латын әліпбиін біледі. Еліміз латын әліпбиіне көшкенде оларға қарым-қатынас жасау оңайға түседі. Жалпы бұл үдеріс жақсы дайындықты қажет етеді. Елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Латын графикасына көшу бағытындағы материалдық, техникалық, кадрлық, әдістемелік шаралар қалыптастырылады. Әрбір азаматқа толыққанды мүмкіндік жасалып, жаңа әліпбиді тегін оқып-үйренеді.

    aktobe-til·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.