Қазіргі таңда Ақтөбе облысы көлемінде қанша мешіт пен шіркелулер жұмыс істейді?

    Ақтөбе облысының дін істері басқармасы

    Сұрақ

    Қазіргі таңда Ақтөбе облысы көлемінде қанша мешіт пен шіркелулер жұмыс істейді?

    Жауап

    Қазіргі таңда өңірдің діни ахуалы қалыпты. Облыс көлеміндегі тіркелген барлық діни бірлестіктер мен филиалдар ҚР-ның заңнамасына сәйкес қызмет атқаруда.

    Бүгінгі таңда, облыста 93 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген. Оның ішінде, 68 -ҚМДБ филиалы, 9 -православиелік, 2- католиктік, 13 -протестанттық және 1 -«Кришна санасының Ақтөбе қоғамы» бірлестіктері қызмет етуде.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ақтөбе облысының дін істері басқармасы қандай Мемлекеттік қызмет көрсетеді?

    Жауап

    Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасы тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, -Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу; -Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру; -Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру; -Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру; - Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру.

    Сұрақ

    Қол жетімді және сапалы діни білімді қайдан алуға болады?

    Жауап

    ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ: -Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Алматы қ - @nmu_kz МЕДРЕСЕЛЕР: 1)Ақтөбе медресе колледжі - Ақтөбе облысы,Алға ауданы- @aktobe_medrese_kolledzhi 2)«ҺибатуллаТарази» медресесі – Тараз қаласы- @asyldin.kz 3)ӘбуХанифа медресе колледжі - Алматы қаласы- @abuhanifa_medrese 4)Сарыағаш медресе колледжі – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы- @saryagash_medrese 5)Орал медресе колледжі - БатысҚазақстан облысы, Орал қаласы- @oral.medrese 6)Үшқоңыр медресе колледжі - Алматы облысы, Жамбыл ауданы- @ushqonir_mk 7)Әбу Бәкір Сыддықмедресе колледжі - Павлодар қаласы- @medrese_pvl 8)Шымкент медресе колледжі – Шымкент қаласы- @shymkent_medrese 9)Астана медресе колледжі – Астана қаласы- @astana_medrese

    Сұрақ

    Тыйым салынған діни әдебиеттер туралы ақпаратты қайдн алуға болады?

    Жауап

    Елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының ресми сайтында жарияланған. https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/documents/details/93468?lang=kz

    Сұрақ

    Діни сұрақ туындаған кезде қайда жүгіне аласыз?

    Жауап

    «Ансар» талдау орталығына өзіңіз келіп немесе сенім телефоны арқылы білікті теолог, психолог мамандардан тегін консультация ала аласыз. Сонымен қатар instagram әлеуметтік желісі арқылы сауалыңызды қойып, жауап алуыңызға болады. Сенім телефоны:8(7132) 741-707 Cенім телефоны: 8(776) 074 17 07(whatsapp) @din_aktobe @ansar_aqparat

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.