Биыл колледждерге қабылдау тәртібі өзгерді. Қабылдау тәртібі қандай? Тегін білім беріле ме?

    aktobe-bilim

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Биыл колледждерге қабылдау тәртібі өзгерді. Қабылдау тәртібі қандай? Тегін білім беріле ме?

    Жауап

    2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 3666, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1085 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады (барлығы 4751 орын).

    Ақтөбе облысы абитуренттерді іріктеу, қабылдаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін «SmartNation» бірыңғай порталын таңдады. 20 маусымнан бастап колледждерге құжаттар қабылданып жатыр. Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Биылғы ерекшілік – қабылдау емтихандары өткізілмейді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медециналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрық қойылды. Қазір білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылып жатыр.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дейінгі ұйымдармен қамту мақсатында жеңілдіктер қарастырылатын бола ма?

    Жауап

    Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 70%-дық жеңілдікті 921 тәрбиеленушінің ата-анасы қолданып отыр. Жалпы облыс бойынша аталған санаттағы балалардың тамақтануына жергілік бюджеттен 95,0 млн. теңге қарастырылған. ӘКК алатындардың тізіміне қарай жеңілдік алатындардың саны өзгеріп отырады. Ол үшін МДҰ әкімшілігіне хабарласу қажет.

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Облыстағы білім беру ұйымдарында балаларға қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдануда?

    Жауап

    Бүгінде, облыстағы 689 мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, 100% жылы дәретханалармен жабдықталған. 38 мектеп полиция органдарының жедел басқару Орталығына қосылған және бұл тек алғашқы қадам ғана. Ары қарай күзет дабылын қосу, мамандандырылған күзет енгізу бағытында шаралар қабылдануда.

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Өңірде педагогтың мәртебесін көтеру мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    Жауап

    Облыста педагогтерді дамыту мен қолдаудың барлық шаралары алынып, олардың өз саласындағы жетістіктері жеке көтермеленді. Мысалы, "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары (4 жеңімпаз: 3-мектеп, 1-колледж педагогі) 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде марапат алды, тиісті марапаттар өңірлік деңгейде де қарастырылды (3 педагог – 300 АЕК). Облыстың білім беру қызметкерлеріне жергілікті ерекшелік белгісі, атап айтқанда, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі (1 педагог - 500 АЕК), «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағы (3 педагог – 300 АЕК) , біржолғы сыйақы төлемдері тағайындалды.

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Келесі оқу жылында оқу қалай ұйымдастырылады?Биыл мектептер ашыла ма, жоқ па? 1 қыркүйекте мектепте салтанатты жиналыс бола ма?

    Жауап

    Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігіне вакцина еге алсақ, егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, қыркүйектен бастап барлық білім беру мекемелерін, бірінші кезекте мектептерді аша аламыз деп ойлаймын

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді ме? «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» аудандары сынды халық тығыз шоғырланған жерлерде мектептерде орын саны жетпей жатады.

    Жауап

    Бүгінгі күнге, облыс бойынша 9 үш ауысымды мектеп бар, соның 7-і Ақтөбе қаласында орналасқан. Ағымдағы жылы облыс бойынша 20 мектеп құрылыс жүзеге асырылуда, соның ішінде 7 жоба үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған. Жаңа тұрғын үй құрылыстары есебінен «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» тұрғын үй массивтерінде халық саны айтарлықтай өсіп отыр. Бұл, өз кезегінде осы аудандарда орналасқан мектептердегі оқушы орнының тапшылығын тудыруда. Орын алған мәселені шешуге бағытталған «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінің 4-шағын ауданында 900 орындық 1 мектеп және «Батыс» тұрғын үй массивінде жеке инвестор есебінен 1 мектеп құрылысы жүргізілуде.

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Өткен жылы көп жылдан бері күрделі жөндеу жұмысын көрмеген Ақтөбе қаласының бірқатар мектептері мен балабақшалары жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жылы осы жұмыс жалғасын табады ма?

    Жауап

    Ағымдағы жылы 32 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен 2,4 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде бүгінгі таңда 19 жоба бойынша жұмыстар басталды. 13 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

    aktobe-bilim·
    Сұрақ

    Ақтөбе облысы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың саны өте көп. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар облыстағы арнайы түзетім балабақшаларда орындардың жетіспеушілігіне наразылық білдіруде. Ерекше балаларды ерте жастан бастап арнайы топтармен немесе арнайы балабақшалармен қамту мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

    Жауап

    Облыста 3-6 жас аралығында 2582 ерекше бала тіркелген. Мектепке дейінгі мекемелерде 1753 ерекше бала білім мен тәрбие алады. Дегенмен облыс бойынша 829 бала қамтылмаған. Арнайы балабақшаларға кезекке тіркелген балалардың санын азайту үшін осы оқу жылында балабақшаларда 6 арнайы топ ашылып, 72 ерекше бала қамтылатын болады. Сонымен бірге, алдағы уақытта Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 25 топтық арнайы балабақша ашу жоспарланып отыр.

    aktobe-bilim·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.