«Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысына және Ақмола облыстық Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешіміне сәйкес, азаматтардың 15 санаты бекітілген:
кшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының келесі санаттарына жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – тегін жол жүру;
3) қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – тегін жол жүру;
4) фашистік лагерьлердің тұтқындарына – тегін жол жүру;
5) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – тегін жол жүру;
6) көп балалы аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;
7) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру;
8) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;
9) Ауғанстан Демократиялық Республикасында ұрыс қимылдардың қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;
10) Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне – тегін жол жүру;
11) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру;
12) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – тегін жол жүру;
13) I топтағы көру бойынша мүгедектеріне, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршыларға – тегін жол жүру;
14) оқу жылы кезінде Қызыл Жұлдыз ауылында тұратын оқушыларға -тегін жол жүру;
15) Социалистік Еңбек Ерлеріне және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдарға - тегін жол жүру.
Азаматтардың тегін жүру санатына енгізу мәселесі бойынша Көкшетау қаласының әкімдігіне «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ге өтініш тапсыру қажет.