Жер учаскесін жалдау шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде жүгіну қажет?

    aktobe-korgau

    aktobe-korgau·
    Сұрақ

    Жер учаскесін жалдау шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде жүгіну қажет?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 37 - бабына сәйкес-өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тең жағдайларда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқыққа ие болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниеті туралы Жалға берушіні шартта көрсетілген мерзімде, егер шартта мұндай мерзім көрсетілмесе, жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш бере отырып, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Коммерциялық мақсатта жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу, оның ішінде электрондық түрде өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі мерзімді баспасөз басылымында және сатушының интернет–ресурсында жарияланады.

    aktobe-korgau·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын тексеру үшін қандай органға жүгінуге болады?

    Жауап

    Қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы, өзге де уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

    aktobe-korgau·
    Сұрақ

    Егер жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мемлекет оны тартып ала ала ма?

    Жауап

    ҚР Жер Кодексінің 92 бабына сәйкес, егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім ішінде көзделмесе), Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап қатарынан екі жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскелерi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

    aktobe-korgau·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.