АӘК құжаттарын қалай тапсыруға болады ?
"Egov" порталымен электрондық қол қою арқылы тапсыра аласыз
aktobe-khobda
АӘК табысы қай тоқсанға есептеледі?
АӘК-ке қандай да бір алдыңғы табыс көзі есепке алынады, қазіргі уақытта ең төмен күнкөріс деңгейі 3-тоқсанда 23 282 теңгені құрайды.
АӘК құжаттарын қалай тапсыруға болады ?
"Egov" порталымен электрондық қол қою арқылы тапсыра аласыз
Үкімет тарапынан бөлініп жатқан мал шаруашылығына субсидияны қалай алуға болады?
Үкімет тарапынан бөлінетін субсидия ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне (АШТӨ) беріледі. Субсидия алу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталға кіру үшін міндетті түрде ЭЦҚ қажет. АШТӨ-нің ЭЦҚ кілті арқылы өтінім бере алады.
«Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы бойынша жобаға кімдер қатысып, ала алады, қанша жыл ауылда жұмыс жасауы тиіс?
Нақтырақ айтқанда, бұл бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бағдарламаға қатыса алады. Сондай-ақ, кем дегенде 3 жыл ауылда тұруы тиіс. Сол елді мекенде өз атында пәтері не жеке үйі болмауы керек. Жобаға сонда ғана қатысуына болады
Әлеуметтік жұмысшыларға зейнетақыны кімдер аударады?
Жұмыспен қамту орталығы 35 % бюджеттен субсидия ретінде төлейтін болғандықтан зейнетақыны жұмыс беруші төлейді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысшы алу үшін жұмысшыдан қандай құжат қажет?
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтардың электронды қолтаңбасы,жеке басын куәләндыратын құжат және жеке шот номері қажет.
Ақылы қоғамдық жұмысқа тіркелу үшин не істеу кажет?
Электрндық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы «egov» порталына жұмыс іздеуші ретинде тіркелу қажет, тіркелгеннен соң 3 жұмыс күннен кейін жұмыссыз мәртебесі беріледі және ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі
Бизнестің жол картасы-2025 мемлекеттік бағдарламасы брйынша калай кредит алуға болады?
Бизнес жоспары, кепілдеме болу керек және банк ұсынған құжаттарды жинақтап банкке тапсыру қажет.