Заң бойынша, қандай жағдайда адам туындының авторы болып саналады?

    adilet-kzl

    adilet-kzl·
    Сұрақ

    Заң бойынша, қандай жағдайда адам туындының авторы болып саналады?

    Жауап

    Автор-шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға.

    Авторлық құқық мақсатында, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектінің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданады.

    Авторлық құқық -бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасау мен пайдалануға байланысты туындаушы қатынастар.Авторлық құқық обьектілері болып әдебиет, драма, сцерарийлік немесе аудио-визуалды туындылар, декортивтік және қолданбалы өнер туындылары, жинақтар және басқада декоративтік туындылар есептеледі.Құқықтық қатынастардың обьектілері бар болғандықтан, ендеше осы құқықтық қатынастарға ие субьектілерде болуы керек, сәйкесінше авторлық құқық субьектілері туындылардың авторлары, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы мұрагерлер және құқықтық мұрагерлер немесе ұйымдар бола алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Азамат, егер бар болса, мүлікті тегін сыйға тарта ала ма, сот орындаушысын шектеу - «мүлікке билік ету бойынша белгілі бір әрекеттерді(мәмілелерді) жасауға тыйым салу»?

    Жауап

    Мүлікке билік ету бойынша іс-әрекеттер жасауға шектеу болған кезде азаматтың мүлікті сыйға тартуға мүмкіндігі бар. Мәселен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 32-бабына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттерге тыйым салу мүлікті иеліктен шығаруға ғана қолданылады және оны сыйға тартуға кедергі келтірмейді.

    adilet-kzl·
    Сұрақ

    Баланың тууын қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар немесе басқа да мүдделі тұлғалар баланың туу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш береді. Тууды мемлекеттік тіркеу проактивті тәсілмен, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеу кезінде көрсетілуі мүмкін www.egov.kz. Екі және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде олардың әрқайсысына электронды түрде туу туралы медициналық куәліктер беріледі, олардың негізінде туу туралы бірінен соң бірі жеке жазбалар жасалады және балалардың туу туралы жеке куәліктері беріледі. Тууды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.

    adilet-kzl·
    Сұрақ

    Қайтадан туу туралы куәлікті талап ету бойынша өтінішті қайда беруге болады, бастапқы куәлік ТМД елдерінде берілді, куәліктің түпнұсқасы жоғалды?

    Жауап

    Егер тууды тіркеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілсе, онда құқықтық көмек көрсету шеңберінде тиісті сұрау салу (туу туралы куәлікті қайта талап ету туралы) жіберіледі, ол куәлік берілген елге пошта байланысы арқылы жіберіледі. Өтініш ТМД елдерінің уәкілетті органынан көрсетілген құжатты талап ету туралы тапсырманы қалыптастыру үшін кез келген тіркеу органына АХАЖ беріледі.

    adilet-kzl·
    Сұрақ

    Мен борышкердің анасы боламын, сондықтан мен атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса аламын ба?

    Жауап

    Сіз атқарушылық іс жүргізудің тарапы емес екеніңізді ескере отырып, сіз ұлыңыздың сенімхаты болған жағдайда ғана атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса аласыз. Сенімхат сізге атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға мүмкіндік беру үшін нотариалды куәландырып, сот орындаушысына ұсынылуы тиіс. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 19-бабына сәйкес мұндай сенімхат сізге сенімхатпен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізуге байланысты барлық әрекеттерді жасауға құқық береді.

    adilet-kzl·
    Сұрақ

    Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеуді қандай орган жүзеге асырады?

    Жауап

    Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" жүзеге асырады.

    adilet-kzl·
    Сұрақ

    Балам ақылы негізде жоғарғы оқу орнында оқиды, алимент 18 жасқа толғаннан кейінде төленеді ма?

    Жауап

    Алимент өндіру бала 18 жасқа толғанда тоқтатылады.Алайда бала ақылы негізде оқуда болған жағдайда алимент төленеді.Ол үшін талапкер сотқа жүгінуі тиіс. Сотпен оң шешім тапқан жағдайда ақылы оқудағы балаға алимент төленеді.

    adilet-kzl·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.