Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу деңгейін қолдау мақсатында жүргізіледі және Заңда және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық актілерде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары көлемінде жүзеге асырылады.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы қауіпті өндірістік объектілердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау тәртібін айқындайды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлануға жататын адамдарды және қайта даярлауды талап ететін жағдайларды айқындайды.
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы кәсіптік даярлау және қайта даярлау тәртібін белгілемейді, сол сияқты даярлау рәсіміне және кәсіптік қызметке дайындығын айқындауға қойылатын талаптарды белгілемейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың қажеттілігі мен көлемін жұмыс беруші айқындайды.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік даярлау білім алушылардың белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгертілген кәсіптік дағдыларды жедел меңгеруіне бағытталған.
Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.
Осылайша, кәсіптік қызмет саласында кадрлар даярлау және біліктілік беру мәселелері, оның ішінде білім беру бағдарламалары бойынша даярлау және қайта даярлау мәселелері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыс түрлеріне жатпайды, сондықтан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамамен реттелмейді.