Мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжаттар қажет?

    economy-abay

    economy-abay·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметті алу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттар мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы дипломның көшірмесі;

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы дипломның көшірмесі;

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;

    кредиттік бюродан есеп;

    3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу кезінде:

    осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы дипломның көшірмесі;

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;

    кредиттік бюроның есебі.

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.