Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?
Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады. Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеліңіз (ЭЦҚ). Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен телефон нөміріне немесе электронды поштаға кезек нөмірі көрсетілген хабарламаны күтіңіз. Өтініш берушіге: 1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу; 2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау; 3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу; 4) кезектілікті басқару жүйесінде үшінші тұлғаларға бермей, жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау мүмкіндігі беріледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады. Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соң жалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады. Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа). Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді. Кезектегі өтініштер: 1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде; 2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде; 3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде; 4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда; 5) жолдама берілгенде; 6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда; 7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады. Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады. Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді (басымдығы бар өтініш бірінші кезекте құқығы жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады). Постановка ребенка на очередь для получения места в детском саду осуществляется в соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования». Постановка на очередь детей дошкольного возраста (до 6 лет) для направления в детские дошкольные организации осуществляется через портал е-zhetysu.kz. Ссылка на сайт: http://e-zhetysu.kz Зарегистрируйтесь с помощью электронной цифровой подписи (ЭЦП). Подайте заявку в очередь согласно приказу № 254 от 19 июня 2020 года и ждите уведомления с указанием номера очереди на указанную вами электронную почту и номер телефона. Заявителю предоставляется возможность: 1) подачи заявления на постановку в очередь, изменять уже поданное заявление, отзывать заявление из очереди, получать и аннулировать направление на зачисление в дошкольную организацию, продлевать срок действия направления, получать уведомление об изменении состояния заявления и направления; 2) подтверждения заинтересованности в получении места в дошкольную организацию; 3) изучения информации об освободившихся местах и получения электронного направления на зачисление в дошкольную организацию; 4) сохранения учетных данных личного кабинета системы управления очередью, не передавая их третьим лицам. Общая очередь для зачисления в дошкольные организации формируется по принадлежности к населенному пункту (город, село, поселок) по году рождения детей для каждого года рождения отдельно. Очередь в специальные дошкольные организации формируется внутри населенного пункта к конкретной дошкольной организации по году рождения детей, для каждого года рождения отдельно. Внутри очереди по годам рождения очередь разделяется по видам нарушений, имеющихся у детей, если дошкольная организация обеспечивает наличие групп с различными видами ухода, коррекции. Очередь в санаторные дошкольные организации формируется внутри населенного пункта к конкретной дошкольной организации по году рождения детей для каждого года рождения отдельно. Внутри очереди по годам рождения очередь разделяется по видам реабилитации/профилактики, если дошкольная организация обеспечивает наличие групп с различными видами реабилитации/профилактики. Заявления в очередях располагаются по дате и времени подачи заявления заявителем. Родитель или законный представитель ребенка становится в очередь в одном населенном пункте не более трех раз за период дошкольного возраста. Родитель или законный представитель ребенка, получивший внеочередное или первоочередное направление в государственную дошкольную организацию, для выбора другой дошкольной организации после истечения одного месяца встает в общую очередь и получает направление в частную дошкольную организацию. Родитель или законный представитель ребенка с особыми образовательными потребностями при наличии подтверждающих документов встает одновременно в нескольких очередях – общей очереди, очереди в специальную, санаторную дошкольные организации. Возраст ребенка для подачи заявления и нахождения в очереди не превышает полных 6 лет по состоянию на 1 сентября текущего учебного года (кроме детей с особыми образовательными потребностями, имеющими соответствующее заключение психолого-медико-педагогической комиссии, и детей, которым на 1 сентября текущего года еще не исполнилось полных 6 лет). Для выбора другой дошкольной организации ребенок отчисляется из дошкольной организации, и родитель или законный представитель ребенка подает заявление на постановку в очередь для получения направления в дошкольную организацию. Очередь заявлений обновляется при: 1) поступлении заявлений от родителей или законных представителей детей, имеющих право на внеочередное получение места в дошкольных организациях согласно пункту 3 статьи 52 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" и пункту 8 статьи 78 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах"; 2) поступлении заявлений от родителей или законных представителей детей педагогов согласно пункту 3 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога"; детей, законные представители которых являются инвалидами; детей, оставшихся без попечения родителей, и детей-сирот; детей из многодетных семей; детей с особыми образовательными потребностями; детей из семей, имеющих ребенка-инвалида для первоочередного получения места в дошкольной организации; 3) изменении льготного статуса заявления; 4) исключении заявления из очереди в результате отзыва заявления; 5) выдаче направления; 6) помещении заявления в стоп-лист, архив; 7) отсутствии заинтересованности заявителя в получении места в дошкольную организацию. Заявления в очередях располагаются относительно друг друга внутри каждой группы по дате и времени подачи заявления. Заявления по внеочередному получению места располагаются перед заявлениями первоочередного получения места. Заявления по первоочередному получению места распределяются между заявлениями, поданными на общих основаниях, в соотношении "один к трем" (заявление по первоочередному получению места располагается через каждые три заявления, поданные на общих основаниях).