Сауданы дамыту қандай ұлттық жобаларда көзделгенба ?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Сауданы дамыту қандай ұлттық жобаларда көзделгенба ?

    Жауап

    Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің реформасы жүргізілуде. Атап айтқанда, ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың орнына қоғамның нақты қажеттіліктеріне бағдарланған ықшамды ұлттық жобалар қабылданатын болады.

    Осылайша, сауданы дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту» деген 2 ұлттық жобаларда көрініс табады (әзірлеуші – Ұлттық экономика министрлігі).

    «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» жобасы шеңберінде шикізаттық емес экспортты 2 есеге - 41 млрд. долларына дейін ұлғайту бойынша міндет көзделген.

    Мұны шешу үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданатын болады.

    Біріншіден,«Экспорттық акселерация» бағдарламасы іске асырылатын болады. 2025 жылға дейін 1000 отандық тауар өндірушілерді қамту жоспарланып отыр. Олардың ішінде кәсіпорындардың 30%-ы өздерінің алғашқы экспорттық келісімшарттарын алады, қалған 70%-ы өздерінің экспорттық көлемдерін ұлғайтады немесе тұрақты жеткізілімдері бар жаңа нысаналы нарықтарын ашады.

    Екіншіден, жыл сайын кемінде 50 экспорттаушы халықаралық электрондық алаңдарға шығарылатын болады. Арнайы премиум мәртебесі бар экспорттаушылар өз өнімдерін маркетплейстер ішінде жан-жақты ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.

    Үшіншіден, экспорттаушыларды қолдау жөніндегі кешендішаралар кеңейтілетін болады. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорт географиясын кеңейтуге және экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

    Төртіншіден,2025 жылы зертханалық базаның 30%-ы жаңғыртылады. Отандық өндірушілер Қазақстанда өз өнімдеріне сынақ жүргізе алады және сол арқылы өздерінің шығындарын азайта алады, яғни экспортқа шыққан кезде бәсекеге қабілетті бола алады.

    Екінші ұлттық жоба «Кәсіпкерлікті дамыту»ұлттық тауар өткізу желісін құруды қамтиды.

    Бұл бағыттағы жұмыс басталды.

    Біріншіден,стационарлық емес сауда объектілері жаңғыртылатын болады.

    Бүгінгі күнге 500-ден астам әмбебап сауда базарларының 103-і жаңғыртуды талап етеді. 2023 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 37, 2025 жылдың соңына дейін қалған 66 (басқа өңірлерде) сауда объектісін жаңғырту жоспарлануда.

    Аталған шаралар өркениетті сауда деңгейін арттыруға,салықтық әкімшілендіруді жақсартуға және көлеңкелі сауданы қысқартуға мүмкіндік береді.

    Екіншіден, тиімді жұмыс істейтін сауда-логистикалық және тарату жүйесін құру көзделеді. Бұл заманауи сауда инфрақұрылымын қалыптастыру, 24 КТО салу.

    Оны іске асыру сауда субъектілерінің өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Үшіншіден, Трансшекаралық хабтарды дамытудың бірыңғай стратегиясы қабылданады және трансшекаралық сауданың 5 орталығы құрылады/жаңғыртылады.

    Бүгінде, Өзбекстанмен шекарада «Орталық Азия» ХСЭЫО құру басталды. Ресей, Қытай, Қырғызстанмен сыртқы шекараларда осындай орталықтар құру және жаңғырту жоспарда бар.

    Аталған мәселелерді шешудегі кешенді және жүйелі тәсіл сауда хабтары жүйесін құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл жүйе КТО-мен интеграцияланып,Еуразиялық сауда ағындарын дамытудың өзегі болады.

    Бүгінгі күнге ұлттық жобалар мүдделі мемлекеттік органдармен келісудің барлық рәсімдерінен өткенін және жақын арада Премьер-Министр Кеңсесіне және Президент Әкімшілігіне қарауға енгізілетінін атап өткен жөн.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады. Толық жауап: Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялауға міндетті. Бұл — саудаға қатысушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар үшін өзекті бағаларды көруге мүмкіндік беру мақсатында жасалады. Сондықтан, егер сіз белгілі бір тауарлар бойынша котировкаларды білгіңіз келсе, тиісті тауар биржасының ресми сайтына кіріңіз. Онда бағалар, жасалған мәмілелердің көлемі және саудаға қатысты басқа да маңызды ақпарат ашық түрде жарияланады. Мысалы, тауарлардың құны туралы анық деректерді алу үшін кәсіпкерге бағалар ашық қолжетімді жерде жарияланатын тауар биржасының ресми сайтына кіру жеткілікті. Сондай-ақ, бұл ресурс ағымдағы котировкаларды ғана емес, сонымен қатар жасалған мәмілелердің көлемін де қадағалауға мүмкіндік береді, бұл сатып алу алдында нарықтағы жағдайды алдын ала бағалауға көмектеседі. 1) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы. 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидалары 1) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z090000155_ 2) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010993

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек: Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы. Басшылық лауазымдардағы қызметкерлердің жоғары білімдері болуы қажет. Басшының экономикалық немесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаланбаған болуы керек. Толық жауап: Тауар биржасынан аккредитациядан өту үшін компания келесі талаптарға сай болуы керек: -Құқық қабілетті және төлем қабілетті болуы тиіс; -Салық берешегі, мүлкіне тыйым салу, банкроттық не қызметінің тоқтатылуы болмауы тиіс; -Басшылық қызметтегі тұлғалардың жоғары білімі болуы қажет; -Бірінші басшының экономикалық немесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін соттылығы болмауы керек. Сондай-ақ биржаға келесі құжаттарды ұсыну қажет: Мүшелікке қабылдау туралы өтініш; Компанияның жарғысы немесе ережесінің көшірмесі; Құрылтай шарты (бар болса); ҚҚС бойынша тіркеу туралы анықтама (бар болса); Соңғы қаржы жылына арналған қаржылық есеп; Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама; Кіру жарнасының төленгенін растайтын құжат; Басшының соттылығы жоқ екені туралы анықтама; Компанияның нақты иелері (бенефициарлар) туралы ақпарат. Мысалы, егер компания тауар биржасында брокер немесе дилер ретінде жұмыс істегісі келсе, ол өзінің сенімді әрі қаржылық тұрғыдан тұрақты екенін және ешқандай заң бұзушылықтары жоқ екенін дәлелдеуі тиіс. Биржаға өтініш, құрылтай құжаттары, қаржылық есептілік, анықтамалар және жарнаның төленгенін растайтын құжаттар тапсырылады. Егер барлық мәліметтер талаптарға сай болса – компания сауда-саттыққа жіберіледі және биржада жұмыс істей алады. 1)«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV Заңы. 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидалары 1) https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z090000155_ 2) https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010993

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Түріне қарай жәрмеңкелер жіктеледі: ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері; маусымдық жәрмеңкелер; мерекелік жәрмеңкелер; тақырыптық жәрмеңкелер; Жәрмеңкеде сатуға ұсынылатын өнімдердің ассортименті Азық-түлік тауарларынан тұрады, бұл ретте жәрмеңкені ұйымдастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өнімі бар қатысушыларға басым орындар беріледі. Жәрмеңкелерді өткізу кезеңі: ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: аудандарда – бір жыл ішінде кемінде екі аптада бір рет; республикалық маңызы бар қалаларда, облыстық маңызы бар қалаларда – бір жыл ішінде аптасына кемінде бір рет; елордада – Қазақстан Республикасы өңірлерінің қатысуымен жыл сайын маусымнан қараша айларына дейінгі аралықта. маусымдық жәрмеңкелер – ауылдық округтерде, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада – сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі айының алдындағы айдың демалыс күндері (кемінде үш демалыс күні). мерекелік жәрмеңкелер – жәрмеңкелерді өткізудің басталуы мемлекеттік мереке басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс. тақырыптық жәрмеңкелер – ішкі сауда субъектілері өтінімдерінің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет. Сауда қызметін реттеу туралы Заң ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032474

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді. Толық жауап: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді. Қайда хабарласуға болады: - Жылыту, су, газ, қоқыс шығару, абаттандыру мәселелері бойынша - қала/аудан әкімдігіне немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына; - Егер Пәтер иелері кооперативіне, Мүлік иелері бірлестігіне наразылығыңыз болса, жергілікті әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына шағым беруге; - Домофондар және басқа да байланыс қызметтері бойынша - Байланыс және телекоммуникация комитетіне немесе қызмет көрсетушінің өзіне жазбаша шағыммен жүгінуге болады. Егер мәселе шешілмесе, сотқа немесе прокуратураға шағым беруге болады. КЕЙС: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тұтынушылар құқықтарының бұзылуы. Егер құқықтарыңыз бұзылса, мысалы, домофон жұмыс істемесе, коммуналдық төлемдер дұрыс есептелмесе немесе Мүлік иелері бірлестігіне қызметтер тиісінше көрсетілмесе, алдымен Пәтер иелері кооперативіне немесе Мүлік иелері бірлестігіне мәселені сипаттап, оны ақылға қонымды мерзімде жоюды талап ете отырып, жазбаша өтініш ресімдеңіз. Дәлелді: ақаулар фотосын немесе видеосын, түбіртектердің көшірмелерін, Мүлік иелері бірлестігімен хат алмасуларды сақтаңыз. Егер реакция болмаса, барлық дәлелдемелерді қоса бере отырып, ауданның немесе қаланың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының аумақтық органына шағым беріңіз. Шағым берілгеннен кейін органдар бұзушылықты тексеруге және шаралар қабылдауға, мысалы, домофонды жөндеуге немесе көрсетілмеген қызметтер кезеңі үшін ақыны қайта есептеуге міндетті. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z970000094_

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы; - талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, орындаушы) туралы ақпарат (атауы, пошталық мекенжайы, Бизнес-сәйкестендіру нөмірі); - тұтынушы талабының мәні және даудың мән-жайы. Толық жауап: Сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шағым еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында мынадай деректемелерді көрсету қажет: - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы; - тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (атауы, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда); тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шағымы қолма-қол тапсырылады не тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімі нысанында, не егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық поштасының мекенжайы бойынша жіберіледі. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті. КЕЙС: Сіз «______» ЖК-ға компанияның атауы, БСН-ге наразылықты ресімдейсіз. Аты-жөні мен ағымдағы жылдың 17 ақпанында ____ мың теңгенің сағатын сатып алдым. Пайдалану барысында тауардың ақауы анықталды. Жоғарыда баяндалғанның негізінде ақшаны қайтаруды/тауарды ауыстыруды талап етемін. Менің талаптарымды тауарды алған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қанағаттандыруды сұраймын. Бас тартқан немесе елемеген жағдайда уәкілетті органға жүгінуге болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі https://www.adilet.zan.kz/rus/docs/K940001000

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қажет. Сондай-ақ, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың аумақтық органдарына жүгінуге болады. Толық жауап: Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін деп күдіктенсеңіз, бұл туралы тиісті органдарға мүмкіндігінше тезірек хабарлау маңызды. Қазақстанда бірнеше инстанцияларға жүгінуге болады: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті. Бұл тұтынушылардың шағымдарын қарайтын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылайтын уәкілетті мемлекеттік орган. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері. Егер өнім денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болса (мысалы, мерзімі өткен өнімдер, зиянды заттары бар тауарлар, дәмханалар мен салондардағы санитарлық нормалардың бұзылуы), Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жүгіну керек. Олар санитарлық-гигиеналық сараптама жүргізуге және тәртіп бұзушылардың қызметін тоқтатуға уәкілетті. Онлайн шағым беруге арналған платформалар eGov.kz - ресми шағым жіберуге болатын электрондық үкімет порталы. E-Otinish - азаматтардың өтініштерін электрондық форматта қабылдау жүйесі. Маңызды: жүгінген кезде барлық дәлелдемелерді - чектерді, фотосуреттерді, бейнелерді, сарапшылардың қорытындыларын (егер бар болса) жинаңыз. Бұл өтінішіңізді қарау процесін жеделдетеді. КЕЙС: Сіз тауардың, жұмыстың немесе қызметтің денсаулыққа немесе өмірге қауіпті екенін байқадыңыз. Құжаттарды (шарт, чек, нұсқаулық, фото) алып, алдымен тауар немесе қызмет ұсынған ұйымға хабарласыңыз. Сіз: - қауіптілікті жою; - ақшаны қайтару немесе тауарды ауыстыру; - қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе жұмысты түзетуді талап ете аласыз. Егер мәселе шешілмесе, Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне немесе қауіпсіздікті бақылайтын орган Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне шағым беріңіз. Шағымға мыналарды қоса берген жөн: - құжаттар мен чектер; - қауіпті тауардың/жұмыстың фотосуреті немесе бейнесі; - орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасы. Егер денсаулыққа немесе өмірге қауіп төнсе, тауарды/қызметті пайдалануды дереу тоқтатыңыз және дәрігерге жүгініңіз, сондай-ақ құқықтарды қорғау үшін барлық дәлелдемелерді сақтаңыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_ «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР Заңының https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z020000361_

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайтару сатып алу жасалған дүкенде жүзеге асырылады. Толық жауап: Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастай аласыз: 1. Егер ақауы бар (сапасы лайықсыз) болса: Қайтару немесе айырбастау өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде мүмкін болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда тауарды сатып алған сәттен бастап екі жыл ішінде қайтаруға болады. Қайтаруға өндiрiстiк ақауы, зақымдануы, ақауы бар болсане егер тауар мәлiмделген сипаттамаларға сәйкес келмесе тауарлар қабылданады. Сатып алынғанын растайтын чекті немесе басқа құжатты көрсету қажет. Егер тауар тиісті сапада болса, алайда сізге сәйкес келмесе: Сатып алынған күнді есептемегенде, 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтаруға немесе айырбастауға болады. Егер тауар қолданыста болмаса, оның тауарлық түрі, орамасы, жапсырмалары мен пломбалары сақталса, сондай-ақ сатып алу фактісін растайтын құжат болса, бұл мүмкін. Мысалы, егер тауардың көлемі, түсі, фасоны немесе басқа да себептері сәйкес келмесе, оны қайтара аласыз. Маңызды: Қайтару немесе айырбастау сатып алу жасалған дүкенде жүзеге асырылады. Нақты сатушы белгілеген қайтару ережелерімен алдын ала танысу ұсынылады. КЕЙС: Сіз тауарды сатып алдыңыз және оны қайтарғыңыз немесе айырбастағыңыз келеді. Тауарды (мүмкіндігінше - чекті) алып, сатушыға барыңыз. Сіз: - ақшаны қайтаруды; - тауарды ауыстыруды; - басқасына айырбастауды талап етуге құқыысыз.. Чекті ұсынған дұрыс, алайда оның болмауы өтініш беру құқығынан айырмайды. Қайтару мерзімі: - азық-түлікке жатпайтын тауар - сатып алғаннан кейін 14 күн (егер тауарлық түрі, орамы және чегі сақталса); - тамақ өнімдері немесе тез бүлінетін тауарлар тек жарамсыз болса немесе мерзімі өткен кезде ғана. Егер мәселе шешілмесе - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне шағым беріңіз. Мұны: - Gov.kz порталы арқылы, - жазбаша немесе жеке жасауға болады. Шағымға мыналарды: - тауардың фотосуретін - чекті (егер бар болса) - орын алған орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса берген жөн. Егер денсаулыққа зиян келтірілсе дәрігерге барыңыз; медициналық құжаттарды сақтаңыз, олар құқығыңызды қорғау және сотқа жүгіну үшін қажет болады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 203, 425, 701-баптары). Толық жауап: Егер сатып алынған өнімнің сапасыз екенін анықтасаңыз: - Бағаны төмендетуді талап етуге; - Тауарды қайтарып беріп, ақшаны қайтарып алуға; - Тауарды ұқсас тауарға ауыстыруға; - Кемшіліктерді ақысыз түзетуге; - Кемшіліктерді түзетуге жұмсалатын шығындарды өтеуді талап етуге құқылысыз. (Негіздеме: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 және 15-баптары) Өнімдердің сапасын бақылаумен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті айналысады. Аталған комитет санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды және сатушыларды жауапкершілікке тарта алады. Егер шағым бергіңіз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз керек. Олар тәртіп бұзушыларға айыппұл салуы мүмкін (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 203, 425, 701-баптары). КЕЙС: Сіз азық-түлік сатып алдыңыз, ал үйде оның бұзылғанын және мерзімі өтіп кеткенін байқадыңыз. Тауарды (мүмкіндігінше - чекті) алып, сатушыға барыңыз. Сіз: - ақшаны қайтаруды; - тауарды ауыстыруды; - басқасына айырбастауды талап етуге құқылысыз. Чекті ұсынған дұрыс, алайда оның болмауы өтініш беру құқығынан айырмайды. Егер мәселе шешілмесе: - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаментіне шағым беріңіз. Мұны: - Gov.kz порталы арқылы, - жазбаша немесе жеке жасауға болады. Шағымға мыналарды: - тауардың фотосуретін - чекті (егер бар болса) - орын алған орын алған жағдайдың қысқаша сипаттамасын қоса берген жөн. Егер денсаулыққа зиян келтірілсе, өнімнен улансаңыз немесе өзіңізді нашар сезінсеңіз: - дәрігерге барыңыз; - құжаттарды сақтаңыз - олар құқығыңызды қорғау үшін қажет болады. 1)«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z100000274_ 2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

    ҚР СИМ·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.