Дауыс беру күні шетелде жүрген сайлаушылар қалай дауыс бере алады?

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    Сұрақ

    Дауыс беру күні шетелде жүрген сайлаушылар қалай дауыс бере алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар енгізіледі.

    Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген республика азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған кезде және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дауыс беру күні өздері тұратын жерін ауыстырған кезде сайлаушылар қалай дауыс бере алады?

    Жауап

    Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігін тиісті сайлау комиссиясы өтініш пен жеке куәлікті ұсыну негізінде береді. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны оның болатын жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

    Сұрақ

    Сайлаушылар тізімінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Тиісті сайлау комиссиялары азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда табыс етеді. Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кім үміткер бола алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл бойы тұратын, 25 жасқа толған және бәсең сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алады. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты — Ассамблея Кеңесіне тиесілі.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кім үміткер бола алады?

    Жауап

    Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну: 1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкiн; 2) өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Президенттігіне кімдер үміткер бола алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлана алады. Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.