Субсидияны қалай алуға болады? (ауыл шаруашылығы)
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органмымен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру болып табылады. Заңның 6-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен субсидиялау қағидалары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары (бұдан әрі-стандарттар) бекітілген, олар субсидиялау тәртібін айқындайды. Субсидияларды алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz электрондық түрде субсидиялау қағидаларының талаптарын сақтай отырып, стандарттың 9-тармағында көзделген өтінім мен құжаттарды беру қажет. Облыстың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы осы өтінім субсидиялау қағидаларына сәйкес қарастырылатын болады, оның қорытындысы бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама не стандараттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша субсидия беруден дәлелді бас тарту жіберілетін болады.