Елді мекендерді қайта атау жөніндегі ұсыныстарға қатысты

    kostanai-usunkol-audany-akimat

    kostanai-usunkol-audany-akimat·
    Сұрақ

    Елді мекендерді қайта атау жөніндегі ұсыныстарға қатысты

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы "24" ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының, жергілікті атқарушы органдар мен ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын өткізу арқылы ұйымдастырады.

    Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесіп:

    1) жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзімдерін айқындайды және ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Жиналыстың күн тәртібі, өткізілетін күні, орны мен уақыты көрсетілген хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында (бар болса) және тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;

    2) қажетті құжаттар мен материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және өздерінің интернет-ресурстарында (бар болса) орналастырады.

    Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша халықтың пікірін ескеру ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады. Дауыс беру қорытындылары жиналыс өткізілетін жерде жарияланады және хаттамамен ресімделеді.

    Хаттамада жақтап немесе қарсы дауыс бергендердің жалпы саны көрсетіледі. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың тізімі қоса беріледі.

    Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалық шешімі ол өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында (бар болса) орналастырылады.

    Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша бірлескен шешіммен тиісті ономастика комиссияларының қарауына кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

    Ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті аумақ халқының пікірін есепке алу қорытындылары бойынша аудандардың жергілікті атқарушы органдарына елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

    Аудандардың жергілікті атқарушы органдары тиісті ономастика комиссияларының қарауына ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (Өткен тоқсандағы отбасының бір мүшесіне-22792 теңге). Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе "электрондық үкіметтің"E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет. Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.

    kostanai-usunkol-audany-akimat·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік нөмірін қалай білуге болады?

    Жауап

    Электрондық үкімет порталында тұрғын үйге кезек нөмірін тексеруге болады eGov.kz. Электрондық үкімет порталындағы Сервис тұрғын үйге кезектің жылжуы туралы деректерді қарауға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған Кезекте тұрғандардың тізімін тексеруге мүмкіндік береді. Ол үшін электрондық үкімет порталында авторизациядан өту, ЖСН нөмірін көрсету және "мемлекеттік қордан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау"сервисін таңдау қажет.

    kostanai-usunkol-audany-akimat·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.