Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?
Кодекстің 50-бабына сәйкес, осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерлерде тегін беріледі: ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар; жеке тұрғын үй құрылысы үшін-0,10 гектар; бағбандық, сондай - ақ саяжай құрылысы үшін-0,12 гектар. Осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін қайтадан тегін беруге жол берілмейді. Өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы телім) жүргізу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес осындай жер учаскелерін игерудің шарттары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жүргізіледі. Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жерлер болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері көрсетілген мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде бірыңғай алап болып беріледі. Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.