Жауап Трактор жүргізушісі ескі жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін сізде 086 «у» нысандағы медициналық анықтама, 1389 теңге көлеміндегі трактор жүргізушісіне лицензия бергені туралы түбіртек (2020 жылдың мамыр айына), 3,5 см-ден 4,5 см фотосурет, ЭЦҚ.
Куәліктің иесі электронды үкіметтің «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде өтініш беруі керек. Өтінімнің барлық бағандарын толтыру кезінде медициналық анықтамалардың және түбіртектердің сканерден өткен бланкілерін тіркеу қажет. Өтінішке ЭЦҚ (Электрондық сандық қол) қол қойылады.
Өтінішті алғаннан кейін мемлекеттік орган шешім қабылдайды және жеке кабинет арқылы өтініш берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету уақыты мен орны туралы хабарлайды. Өтініш беруші көрсетілген мерзімде: куәліктің ескі нысанын және жаңа үлгідегі фотосуретті ұсынады.