Мүліктен тыйым қалай алынады?

    adilet-bko

    adilet-bko·
    Сұрақ

    Мүліктен тыйым қалай алынады?

    Жауап

    Берешекты өндіру туралы атқарушылық өндірісін орындау барысында, сот орындаушының қаулысымен борышкердің мүлігіне салынған тыйымды, берешегі өтілгені туралы дәлелдеме құжатынқоса жазбаша арызымен сот орындаушыға жүгіну арқылы алу мүмкін.

    Сонымен қатар, орындауды қамтамасыз ету мақсатында соттын ұйғарымы негізінде мүлікке салынған тыйым, тыйымды салған сотпен алынады. Сотпен мүліктен тыйым алу туралы шығарылған ұйғарымы, сот орындаушыға орындау үшін талап етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан қандай кезде бас тартады?

    Жауап

    Егер: 1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе; 2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса; 3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса; 4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе; 5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе; 6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiн сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

    adilet-bko·
    Сұрақ

    Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан кімдер босатылады?

    Жауап

    «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 39 бабының 2 тармағына сәйкес аттестаттауды өтуден келесі тұлғалар босатылады: 1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар; 2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар; 3) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар.

    adilet-bko·
    Сұрақ

    Заңды тұлғаның басшысын ауыстыру үшін қалай өтінім беруге болады?

    Жауап

    "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес басшының ауысуы туралы хабарлама өтініш беру арқылы жүзеге асырылады e.gov.kz , автоматты режимде.

    adilet-bko·
    Сұрақ

    Алимент бойынша берешек қалай анықталады?

    Жауап

    "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыға (кіріске) сүйене отырып, шешімнің орындалатын жері бойынша айқындайды. Егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

    adilet-bko·
    Сұрақ

    Қазақстанда кім нотариус бола алады?

    Жауап

    Қазақстанда мынадай азаматтар нотариус бола алады: 25 жасқа толған; жоғары заңдық білімі бар; 2 жылдан кем емес заңдық мамандық бойынша жұмыс өтілі бар; Нотариуста 1 жылдан кем емес мерзімде тағылымдамадан өткен; әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен; нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алғандар.

    adilet-bko·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.