Тұрғын үй алу үшін қалай кезекке тұра аламын?
"ҚР тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес азаматтарды есепке қою "Азаматтарға арналған Корпорация" КЕАҚ арқылы не Е-Гов порталы арқылы жүзеге асырылады. Соңғы 5 жылда өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы, мүгедектікті немесе басқа да әлеуметтік тиістілікті растау қажетті шарт болып табылады.